К.Мәми Ұлттық музейде «Әділет тарихы» бөлімін құруды ұсынды (ФОТО)

21 Қыркүйек, 2016 16:53
Астанада Жоғарғы соттың ұйымдастырылуымен «Қазақстанның сот билігі: өткені мен бүгіні» атты тақырыптық көрменің салтанатты ашылуы болды.

«Қазақстанның сот билігі: өткені  мен бүгіні» атты көрмені Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәми ашты. Сөз барысында ол Ұлттық музейде жеке бөлім ашу туралы ойын айтты.

«Бұл көрме Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды, сонымен қатар біздің судьялардың алда болатын VII съезіне арналған. Мақсаты - Ұлы дала аумағында сот төрелігі жүйесін қалыптастыру туралы айту. Экспонаттар, құжаттар, фотосуреттер Ұлттық мұрағаттың қорынан, Президенттің орталық мемлекеттік мұрағаты мен Тұңғыш Президенттің кітапханасынан әкелінді. Көрме барлығына ашық және Тәуелсіздік Сарайында 7 қазанға дейін істейтін болады. Болашақта «Әділет тарихы» атты бөлек бөлім ашу керек. Осындай маңызды жұмыс үшін Жоғарғы сот барлық жағдайды жасауға дайын»,-деді Қ.Мәми.

Көрмеде қазақ биінің шапаны, төс белгісі, Қазақ хандығының дәуірін таныстыру бойынша материалдар, 1993 жылғы еліміздің Конституциясы, сот жүйесі бойынша жұмыстардың көшірмесі ұсынылды. Барлығы – 210 фото сурет және 50 экспонат болды.

«Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» ЕО жобасының басшысы Уильям Ирвайн ескі соттың құжаттары қатты қызықтырғандығы айтып өтті.

«Біріншіден, жоғарғы сот мәселесіне ерекше қарайтындығы қатты ұнады. Сондай-ақ мұрагерлік – әділдік кеше ғана болған жоқ, ол бірталай ғасыр бұрын болды. Ал бүгін осы эволюцияны көрдік.Көрме ағартушылық және осы жерден көптеген қызықты деректер алдым. Менің ойымша, ол көптеген адамдарға қызықты – студенттерге, сарапшыларға, ғалымдарға – бұл қазақстандық әділдіктің эволюциялық жүйесін көрсетуге болатын жақсы идея. Мені ескі құжаттар таң қалдырды»,-деді ол.

Көрме барлығына қол жетімді және 7 қазанда дейін Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Судьялар VII съезінің күніне дейін  жұмыс істейтін болады.

Сурет: Бауыржан Жуасбаев

Барлық жаңалықтар