- Басты
- Жаңалықтар
- Бюджеттік қаражаттардың қатаң бақылануын қамтамасыз ету қажет – Әбдіқалықова
Бюджеттік қаражаттардың қатаң бақылануын қамтамасыз ету қажет – Әбдіқалықова
Комиссия отырысын ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы жоспардан стратегиялық дамудың міндеттерін орындауға көшу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қаңтарда өткен кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын әске асыру аясында сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі алдын алуды күшейту және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін бюджеттік қаражаттардың қатаң бақылануын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
Отырыс барысында бірқатар мемлекеттік орган мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баяндамалары тыңдалды. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сондай-ақ мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламаларын іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражатты игеру жөніндегі шаралар талқыланды.
Г. Әбдіқалықова осы саладағы сыбайлас жемқорлық қатерлерін азайтатын тетіктерді жасауға ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. Олардың тиімділік дәрежесіне экономиканың ахуалы ғана емес, мемлекеттің инвестициялық тартымдылығы да қатысты болмақ.
Сондай-ақ, мемлекет тарапынан индустриалдық-инновациялық дамудың 2010-2014 және 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламаларын орындауға елеулі бюджет қаражатының бөлінетіні айтылды. Талдау көрсеткендей, оларды іске асыру кезінде бюджет қаражатын пайдалануда көптеген бұзушылықтармен қатар жүретінін көрсетті. Индустрияландырудың алғашқы бағдарламасы іске асырылғалы бері ақшалай қаражатты жымқыру фактілері бойынша мемлекетке 13 млрд. теңгеден астам зиян келтірілген.
Мемлекеттік хатшы Елбасының тапсырмаларына сәйкес, жергілікті жерлерде бағдарламалардың тиімді орындалуын, әрбір инвестициялық жобаның іске асырылуын, сондай-ақ халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде электрондық ресурстардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланылуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап көрсетті.
Комиссияның шешімі бойынша мемлекеттік органдарға заңдылықты бұзуға орын берілген оқиғалар бойынша реттеу және алдағы қызметте оларға жол бермеудің шараларын әзірлеу тапсырылды.
Комиссия отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар мен тапсырмалар берді.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері