- Басты
- Қазақстанда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі тұрғын үй құрылысына бақылау күшейтіледі
Қазақстанда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі тұрғын үй құрылысына бақылау күшейтіледі

Іс-шараға Холдингтің еншілес компанияларының өкілдері, сондай-ақ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысатын құрылыс салушы-компания өкілдері қатысты.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Қайырбек Өскенбаев Холдинг алдына қазақстандықтарды қолжетімді тұрған үймен қамтамасыз ету міндеті қойылғандығығын еске салды. Бағдарламаны іске асыру үшін алдағы 2 жыл ішінде республика бойынша барлығы барлық 1,4 млн. ш.м. немесе 22,5 мың пәтер салу жоспарлануда. Аталған шараны іске асыруға шамамен 200 млрд. теңге бағытталуда.
Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде жалпы сомасы шамамен 140 млрд. теңгеге есептелген 874 мың ш.м. немесе 13 мың пәтер салу үшін шарттарға қол қойылған.
Жиында сөз алған Қ.Өскенбаев Холдинг пен оның еншілес құрылымдарының міндеттеріне тұрғын үй құрылысының сапасын бақылау ғана емес, процестердің толық ашықтығын бақылау кіретіндігін атап айтты.
«Біздің басымды міндеттеріміздің бірі алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саясаты жүзеге асыру, сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтарды барынша азайтуға бағытталған іс-шараларды тұрақты жүргізу болып табылады. Осыған байланысты жақында бірқатар шаралар қабылданады,- деді Қайырбек Өскенбаев.
Сонымен қатар, біздің еншілес ұйым қызметкерлері ретінде әлеуетті және жұмыс жасап жатқан серіктестердің алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзу белгілерін анықтау үшін жауапкершілігі енгізіледі.
Жасалатын инвестициялау шарттарында тараптар өкілдерінің сыбайлас жемқорлық іс қимылына «мүлдем төзбекшілік» саясаты көзделетін болады.
Бұдан басқа, Холдинг «адами» факторды болдырмау және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындау тәуекелдерін барынша азайту үшін түйінді бизнес-процесстерді толық автоматтандыруға енгізуге ниетті.
Ол үшін ағымдағы жылдың соңына дейін Холдингтің және оның барлық еншілес компаниялары тіркеліп және өтінім беруді жүзеге асыруға, оның мәртебесін бақылауға және жүзеге асырылатын бағдарламалар бойынша ақпараттармен алмасуға мүмкіндік беретінпортал құрылады.
«Аталған порталдың перспективасы жұмыс жасайтын барлық серіктестер сияқты әлеуетті серіктестермен де «бір терезе» қағидаты бойынша бірлесіп жұмыстар жүргізуге арналған бірыңғай алаң болып табылады»,- деді Қ. Өскенбаев өз сөзінде.
Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету үшін Холдингте ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін құрылыс салушылар тарабынан шағымдар қабылдау үшін (оның ішінде анонимді) «жедел желі» құрылатын болады.
Сондай-ақ Холдингтің құрылыс компанияларының тұрғын үй құрылысы жобаларын іріктеу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының қазақстандық мазмұны 75%-дан кем емес деңгейде жобаларға басымдылық берілетін болады.
-
Ғылыми-зерттеудің әлемдегі және Қазақстандағы тенденциясы
-
Қазақстанда ғылымның дамуына әсер еткен жаңа технологиялар
-
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ
-
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
-
ШОБ: Алдағы үш айда мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары күшіне енеді
-
Сыйлық алғаны үшін мемлекеттік қызметкерлер ірі көлемде айыппұл төлейді
-
Тауарларды мемлекеттік стандарттау жүйесі: өнімдерге сертификат алу тәртібі, «халал» белгісін алу
-
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады
-
Қазақстанда аутизм диагнозы бар балалар көбейді
-
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде
-
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
А. Цой: Қазақстанда COVID-19-дың жаңа үш штамы анықталды
-
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Көлік салығын есептеу мен төлеуде қандай өзгерістер бар
-
Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қалай өзгерді

