- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ұлыбритания әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Қазақстан мен Ұлыбритания әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, меморандумға қол қоюға өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін негіз құрудағы екі мемлекеттің қорғаныс ведомстволарының ниет білдіруі арқау болды.
Қол жеткізілген уағдаластықты іске асыру қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту және қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғырту мақсатында екіжақты байланысты кеңейтуге ықпал етеді.
Ұлыбритания Құрама Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның Қорғаныс министрлігімен әскери ынтымақтастық 1996 жылдан бастап екіжақты әскери ынтымақтастықтың жыл сайынғы жоспары бойынша жүргізіліп жатқанын айта кетейік.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыты «Қазбриг» әскери қызметшілеріне Британдық әскери консультативтік-жаттықтыру тобы нұсқаушыларының «Дала қыраны» оқу-жаттығуы мен тренингтердің өткізілуін қамтитын бітімгершілік дайындық болып табылады.
Одан басқа, Ұлыбританияның әскери оқу орындарында қазақстандық кадрларды даярлау және әскери білім беру саласындағы өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары