• Басты
  • Жаңалықтар
  • 200-ден астам әділет қызметкерлері Қазақстан судьяларының VII съезіне қатысады (БЕЙНЕ)

200-ден астам әділет қызметкерлері Қазақстан судьяларының VII съезіне қатысады (БЕЙНЕ)

21 Қыркүйек, 2016 17:34
Қазан айында Астана қаласында Қазақстан судьяларының VII съезі өтеді. Іс-шараға 200-ден астам әділет қызметкерлері қатысады және олардың барлығы Судьялардың этика кодексін қабылдайды. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Жоғарғы сотының судьясы Нұржан Жолдасбеков айтты.

«Биылғы  жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының кезектен тыс VII съезін өткізу жоспарланған. Аталмыш съезд төрт жыл сайын өткізіледі.  Съездің басты күн тәртібі Этика кодексін қабылдау болып табылады»,-деді судья.

Оның айтуынша, Этикалық кодекс мәселесін қабылдау Ұлт жоспары «100 нақты қадамға» тіркелген. Жоба әзірленіп, қоғам үшін Жоғарғы судьялардың сайтында жарияланды және ол жерде әрбір адам жобамен танысып, өз ұсыныстарын айта алады.

Н.Жолдасбековтың айтуы бойынша,  Судьялар одағының жарғысын жетілдіру мәселесі қарастырылады және өткен кезең ішінде атқарылған жұмыстар туралы судьялардың ақпараты тыңдалады.

Оның айтуы бойынша, аталмыш форумға Қазақстанның Судьялар одағының барлық филиалдары қатысады, сонымен қатар шетелден келген халықаралық делегациялар, ТМ елдері қатысады. Барлығы 200-ден астам судьялар қатысады деп күтілуде.

Жалпы алғанда, Н. Жолдасбековтың айтуынша, Қазақстанның сот жүйесі барлық сұраныстарға сай келеді және көптеген тапсырмаларды орындайды.

«Бірінші кезекте сот жүйесі ашық, қолжетімді болды. 90-шы жылдары жұмыстың басқа тәсілмен жасалғанын барлығымыз білеміз. Алайда, жаңа заң қабылдағаннан кейін, адамдардың көбісі сотқа жүгіне бастады және оған статистикалық мәліметтер дәлел болады. Біз бір орында тұрмауымыз керек. Біз халықаралық стандарттарға жету үшін талпыныс жасауымыз керек, сондай-ақ басқа мемлекеттердің тәжірибесін  меңгеруіміз тиіс»,-деді судья.

Индира Қауметова

Бейне: Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар