- Басты
- Жаңалықтар
- WorldSkills жеңімпаздары Түркияда тағылымдамадан өтеді (ФОТО)
WorldSkills жеңімпаздары Түркияда тағылымдамадан өтеді (ФОТО)
WorldSkills әдістемесі кәсіби шеберлікті бағалау және дамыту үшін әлемдегі ең озық әдістердің бірі болып табылады. Осылай аталатын «Чемпионаттық білім» салалар бойынша шеберліктің жоғары көрсеткішін анықтауға және оны әлемдік ең үздік тәжірибемен салыстыруға мүмкіндік береді. 2014 жылы осы қозғалысқа енген Қазақстан Республикасы оны еліміздің барлық көлемінде алға жүргізуде». WorldSkills – мақсаты жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу болып саналатын халықаралық қозғалыс. Қазіргі таңда оның құрамына 75 мемлекет кіреді. Қазақстан 2014 жылы WorldSkills Ассоциациясының құрамына 70-ші мемлекет болып енді. Алғашқы WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өткен жылы өткізілді. Оған ҚР 14 облысынан, Астана және Алматы қалаларынан келген 70 астам қатысушылар қатысты», - деді Н.Аршабеков.
Баспасөз конференциясында ҚР БҒМ ұйымдастырылған WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының нәтижесін қорытындылады. Ұлттық біріншілік Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде және ел Президентінің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру тапсырмасын орындау мақсатында өткізілді.
Жарыс 15 құзыреттілік бойынша өтті: мейрамхана ісі (аспазшы), мейрамхана сервисі (даяшы), кондитер ісі, шаштараз ісі, желілік және жүйелік басқару, веб-құрастыру, мехатроника, құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары, кірпіш қалау, дәнекерлеу жұмыстары, сырлау және декоративтік жұмыстар, плиткамен қаптау, мектепке дейінгі тәрбие, киім дизайны, электр монтаждау жұмыстары бойынша жүргізілді. Жеңіске өңірлік жарыстар барысында іріктелген барлық облыстардан, Астана және Алматы қалаларынан келген 140 үміткер таласты.
І орынды Ақмола облысы алды, олардың қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медальдары бар. ІІ орында Астана және Алматы қалаларының өкілдері, олардың қоржынында 6 медаль. Одан кейін Қарағанды облысы - 5, Шығыс Қазақстан облысы - 4, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары – 3 медальдан, Алматы, Қостанай және Павлодар облыстары – 2 медальдан, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары – 1 медальдан.
«WorldSkills Kazakhstan-2016» чемпионатының жеңімпазы Олжас Жүсіпназар. Ол Астана қаласындағы «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК білім алуда. Ол Мейрамхана сервисі (даяшы) құзыреттілігі бойынша бірінші орын алды.
Жеңімпаздар Сан-Паулу (Бразилия) қаласында өткен «WorldSkills Competition – 2015» 43 чемпионатында Қазақстан атынан шыққан еліміздің ұлттық құрамасына енді.
2016 жылы Қазақстан Халықаралық чемпионатының мүшесі болды және 2016 жылғы 30 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Швецияның Гетеборг қаласында өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алды.
Ботагөз Айтжанова
Сурет: Азамат Әлиев
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун -
ЖОО-лардағы емтихандар қашан, қалай өтеді -
Елордада «Astanа Media Week» IV медиаапталығы өтеді