• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да алғаш рет аутизмге шалдыққан балаларға арналған орталық ашылды (ФОТО)

ШҚО-да алғаш рет аутизмге шалдыққан балаларға арналған орталық ашылды (ФОТО)

21 Қыркүйек, 2016 16:14
Өскемен қаласында алғаш рет аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылды.

ШҚО Ақпараттық орталығы хабарлағандай, осындай орталықтар Астана, Алматы, Қызылорда қалаларында ашылды. 

«Біздің аймағымызда 14 мыңнан астам бала аутизм дертіне шалдыққан. Оларға 12 мектеп-интернат, 4 мектепке дейінгі мекеме, 12 коррекциялық сынып және 3 медициналық орталықтар қызмет көрсетіп келеді. Енді жаңа ашылған орталық аутизм дертінен сауықтыруда үлкен серпіліс сыйлайды деген ойдамын», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Орталық аутизмге шалдыққан 16 жасқа дейінгі балаларды қабылдап, тегін қызмет көрсетпек. Балалармен жұмыс барысында бір мезетте дефектолог, психолог, логопед, әлеуметтік-педагог сынды мамандар жұмыс жасайтын болады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар