- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жеңісін бағалауды қайта қарау ұсынылды
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жеңісін бағалауды қайта қарау ұсынылды
«Бүкiл әлемде мүмкiндiгi шектеулi спортшылардың спорттағы жетiстiктерi денi сау адамдардың табысынан әлдеқайда жоғары бағаланады. Өйткенi олар жеңiс жолында тек қарсыластарын ғана емес, ең алдымен, өз сырқатын жеңуге күш салады», - деді А.Перуашев.
Депутаттың айтуынша, Олимпиада медалiн жеңiп алған спортшыларға 250 мың АҚШ долларына дейiн сыйақы белгiленген. Ал мүмкiндiгi шектеулi спортшыларға берiлетiн ең жоғарғы сыйақы мөлшерi - 50 мың АҚШ доллары. Бұл денi сау спортшыларға тағайындалған сыйақы мөлшерiнен бес есе аз.
«Халықаралық аренада елiмiздiң мәртебесiн асқақтатын мүгедек спортшыларымыз отанында тиiсiнше бағаланбай жатыр. Бұл Конституциямызға да кереғар. Ата заңымызға сәйкес, бүкiл азаматтар тең және оларды алалауға болмайды. Сондықтан, депутаттың сенiмiнше, Олимпиада мен Паралимпиада чемпиондарына берiлетiн сыйақы мөлшерi тең болуы керек
«Бiздiң паралимпиадалық спортшыларымыздың жеңісі мүмкiндiгi шектеулi мыңдаған азаматты белсендi өмiр сүрiп, барынша еңбекке араласуына мүмкiндiк бередi», - деді депутат.
Айта кетейік, Рио-де-Жанейро қаласында жазғы паралимпиадалық ойындар аяқталды. Қазақстанның мүмкiндiгi шектеулi спортшылары паралимпиадалық медальдар жеңiп алды. Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен күмiс медаль, ал Зүлфия Ғабидуллина жүзуден паралимпиада ойындарының чемпион атанды.
Индира Кауметова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды