• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда банкрот деп танылған 2 мыңнан астам кәсіпорын банктерге 286 млрд теңге қарыз

Қазақстанда банкрот деп танылған 2 мыңнан астам кәсіпорын банктерге 286 млрд теңге қарыз

21 Қыркүйек, 2016 13:52
2247 банкротқа ұшыраған кәсіпорын банктерге 286 млрд теңге қарыз. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнің қарызбен жұмыс істеу жөніндегі басқарма жетекшісі Айгүл Уәлиева ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

«Бүгінде 2247 банкрот кәсіпорын бар, олардың банктерге қарызы 286 млрд теңгені құрады. Бұл банктердің борышкерлерге берген несиелері. Бұл 1 қыркүйектегі жағдай бойынша  статистика көрсеткіші», - деді А.Уәлиева.

Оның айтуынша, қарыздың көп бөлігі салыққа тиесілі. Банкроттықтың бастамашы үрдісіне келетін болсақ, бюджет алдында  45 пайыздық көрсеткіште  мемкірістер органдары қарыз болса, 30 пайыздан астамы қарызгерлердің өздері, 20 пайызы борышкерлердің несиесі», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар