• Басты
  • Қазақстанда банкротқа ұшыраған кәсіпорынды атауы және тауар белгісімен сатып алуға болады

Қазақстанда банкротқа ұшыраған кәсіпорынды атауы және тауар белгісімен сатып алуға болады

21 Қыркүйек, 2016 13:34
Банкроттық туралы заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, банкрот-кәсіпорынды толық меншіктік кешенмен атауы және тауарлық белгісімен сатып алуға болады, сонымен қатар, оның жаңа меншік иесі атануына болады, деп хабарлады ОКҚ-дегі баспасөз-конференциясында ҚР ҚМ МКК Салықтық бақылау департаментінің директоры Ерлан Нұрланбаев.

«Заңға сәйкес, банкрот-кәсіпорынды толық меншіктік кешенмен атауы және тауарлық белгісімен сатып алуға болады және оның жаңа меншік иесі атануына болады. Барлық кредит берушілермен есептескеннен кейін, кәсіпорынның банкроттық статусы алынып тасталынады», - деп мәлімдеді Е.Нұрланбаев. Оның айтуынша, заңның іске асырылуы қарызы бар компаниялардың бизнесін сақтап қалуға үлкен мүмкіндіктер береді.

«Бұл жұмыс орындарының, салық салынатын негіздің сақталуы. Сондай-ақ, заң оңалту мен банкроттық рәсімдерін өткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді», - деді Е.Нұрланбаев. 

«Бұл жұмыс орындарының сақталуы. Заң оңалу мен банкроттық үрдістерін өткізу уақытын қысқартты», - деді Е.Нұрланбаев.

Оның айтуынша, Дағдарысқа қарсы жоспарды  орындау аясында оңалту мен банкроттық және салық төлеудің  жаңа әдістері анықталды.

100 нақты қадам» шеңберiнде «Оңалту және банкроттық мәселелер туралы» жаңа заң қабылданды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар