• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Нығматулин: Депутаттық этика жөніндегі кеңестің негізгі міндеті – алдын алу жұмыстарын өткізу (ФОТО)

Н.Нығматулин: Депутаттық этика жөніндегі кеңестің негізгі міндеті – алдын алу жұмыстарын өткізу (ФОТО)

21 Қыркүйек, 2016 13:04
ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттық этика бойынша Кеңеске кірген депутаттар тізімін айтты.

«Мәжіліс төрағалағымен болған Бюроның соңғы отырысында депутаттық этика бойынша Кеңес құрылды және оның құрамына 7 депутат кірді. Аталмыш Кеңес Орталық сайлау комиссиясымен бірге депутаттармен депутаттық әдеп ережелерін бұзған жағдайда жазалау шараларын қолдану бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады»,-деді Н.нығматулин.

Мәжіліс төрағасы айтып өткендей, кеңес құрамына Мәжіліс депутаттары К.Қаракен, Е.Козлов, Е.Никитинская, Ш.Өтемісов, Т.Сыздықов, С.Әбдрахманов кірді. Аталмыш кеңесті әйгілі қоғам қайраткері, Мәжіліс депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қ.Сұлтанов басқарады.

«Кеңес құрамына барлық саяси партиялар фракциялары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкiлдерi кiрiп отыр. Бұл әлемдiк тәжiрибе, бүкiл дерлiк парламенттерде осындай комиссия бар. Менiң ойымша, бiздiң палатада да осындай кеңестiң болғаны дұрыс», - дедi Н.Нығматулин.

Оның айтуы бойынша, Кеңестің негізгі міндеті – депутаттық этика ережелерінің бұзылуы болған жағдайда профилактикалық жұмыс жасап, жазалау шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу.

«Бұл әлемдік тәжірибе және әлемнің барлық парламентінде осындай комиссия бар және менің ойымша, осындай комиссияның біздің елде болғаны дұрыс»,-деді Мәжіліс төрағасы.

 Индира Қауметова

Сурет: Шыңғыс Қаппаров

Барлық жаңалықтар