- Басты
- Жаңалықтар
- «Даму» қоры ШОБ жобалары үшін Еуропа инвестициялық банкінен 200 млн еуро көлемінде несие тартады
«Даму» қоры ШОБ жобалары үшін Еуропа инвестициялық банкінен 200 млн еуро көлемінде несие тартады
Еуропа инвестициялық банкінің несие желісі «Даму» Қорына акционері - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің кепілдігімен бөлінеді. Шағын және орта кәсіпкерлікке деген қаражат ұлттық валютамен екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Бұл – банктер мен кәсіпкерлердің валюталық тәуекелге бас тікпеулеріне қолайлы.
ЕИБ қаражаты климат өзгеруінен болатын зардаптарды азайту, электр қуатын үнемдеу, энерготиімділікті арттыру секілді қоршаған ортаны қорғауды мақсат еткен көптеген «жасыл» жобаларға бағытталған.
«Бүгінде біздің ел «жасыл» экономикаға өту үшін белсенді түрде инвестиция тартып жатыр. «Даму» Қоры директорлар кеңесінің 200 млн еуро бөлу туралы осы жолғы шешімі шағын және орта кәсіпкерлікте қуат көздерін үнемдеу мен энерготиімділікке бағытталған жаңа жобалар ашылуына түрткі болып, бұл сала мен жалпы экономика үшін стратегиялық инвестициялар тартуға сеп болады. Еуропа инвестициялық банкі экономиканың барлық салаларында экологиялық, экономикалық және техникалық бай тәжірибесі бар, әрі негізгі рейтингтік агенттіктердің барлығынан «ААА» рейтингіне ие болған банк. Алдағы екі айдың ішінде бұл жобалар бойынша кәсіпкерлердің несие алу шарттары дайындалады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер де ШОБ жобаларымен айналысатын қосын құрады. Қаражат нақты жобаларға бірнеше траншпен беріледі»,-деді «Даму» Қоры Басқарма төрағасы Қаныш Тлеушин.
Алдын-ала есеп бойынша, осы бағдарлама бойынша берілген несиелер 103,4 млрд теңгені құрайды. Шамамен, «жасыл» жобасы бар 500 кәсіпкер қаражат ала алады. Олар 1 мың жаңа жұмыс орындарын ашып, 87,5 млрд теңге салық төлейді деп болжанып отыр.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды