- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялады
Мәжіліс Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялады
«Қазақстан Тәжікстанды бауырлас мемлекет ретінде қарастырады. Біздің елдеріміз ТМД, ҰҚШҰ мен ШЫҰ кеңістігінде интеграциялық бірлестіктер шеңберінде оңтайлы ынтымақтасады»,-деді ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді.
Оның айтуы бойынша, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша біздің елдеріміздің ұстанымдары сәйкес келеді. Осылайша, Қазақстан мен Тәжікстан халықаралық бастамаларына өзара қолдауды қамтамасыз етуде, көбінесе, Душанбе Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу кандидатурасын қолдады.
«Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда әріптестерінің бірі болып табылады. Біз Тәжікстанға бидай, минералды өнімдер, машина-техникалық жабдықтарды жеткіземіз. Ал Тәжікстаннан ҚР-ға шикізат, жемістер, жаңғақтар, көкөністер экспортталады. Сыртқы факторлардың әсерінен екіжақты сауданың төмендеуі байқалады. Алайда, егер тауар айналымы басқа елдермен 30 пайызға төмендесе, Тәжікстанмен аталмыш көрсеткіш 17 пайызға төмендейді»,-деді ол.
М.Тілеубердінің айтуы бойынша, физикалық көлемінің талдау 2015 жылы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы экспорттық және импорттық жүктерді тасымалдау 2 млн тоннаны құраған және ол 2014 жылмен салыстырғанда 30 мың тоннаға артқан.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісім Душанбеде 2015 жылдың 14 қыркүйегінде жасалды. Келісімнің шарттарына сәйкес, тараптар теңдік, өзара сенім, стратегиялық әріптестік негізінде қарым-қатынас орнататын болады.
Келісімге сәйкес, тараптар азаматтық қорғаныс, әскери және әскери-техникалық салада ынтымақтастық жасайды, сонымен қатар ғылым мен техника, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм және спорт саласында ынтымақтастықты көтермелеуде.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция