Шығыс Қазақстанда шетелдіктерге арналған экотуризмді дамытуда (ФОТО)

21 Қыркүйек, 2016 20:41
Шығыс Қазақстанда эко және гастрономиялық туризмді дамытуда, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

Осылайша, экологиялық таза өнімдерден жасалған түрлі тағамдар мен сусындарға дегустация, сонымен қатар  аспаздық шеберлік бойынша шеберлік сабақтары Риддердің жанында орналасқан  Поперечное ауылында өтуде. 

«Алтын Алтай – аймақты дамыту үшін байлық» ЕО жобасын іске асырғаннан бастап, ауыл қаланың қарбалас өмірінен демалғылары келген туристерді өздеріне тарту үшін өзінің бірегей әлеуетін пайдалана бастады.

Ақпараттық тур барысында өңірдің туроператорлары Поперечное ауыл тұрғындарының туризмді дамытуға деген құштарлығына көз жеткізді. Нақты осы мақсатта 4-ші дәрежедегі аспазшы Роман Федоров гастрономикалық турды ұйымдастырды. Оған ШҚО тұрғындары мен шетелден келген қонақтар қатысып үлгерді. Олар-ағылшындар, қытайлықтар, бельгиялықтар мен француздар. 

«Біздің ауылда экотуризммен айналысу керек. Тамақ талғағыштар үшін Поперечное ауылына бағыт – бұл адамзатты қаладан біраз уақытқа алшақтату мен табиғаттың байлығымен таныстырудың тәселі. Бізге келген қонақтар жақсы көңіл күймен кетеді»,-деді Р. Федоров. 

Поперечное ауылындағы гастрономиялық тур бағдарламасы әр түрлі халықтың тағамдарын дайындаумен ерекшеленеді. Роман Федоровтың айтуы бойынша, процесс барысында адамдар түрлі халықтың мәдениетімен танысады. Сонымен қатар, аспаздық шеберлік сабақтарын өзткізу де қарастырылған. Мысалы, ақпарат турының қатысушылары 20 минут ішінде үй сүзбесін дайындауға үйренді. 

Белсенді туристер үшін гастрономиялық жорықтық бағыт қарастырылған. Орманда жиналып, сол жерде түрлі саңырауқұлақтар мен жидектерді теріп, аспазшымен бірге қандай да бір тамақтын түрін дайындай алады. 

Айта кетейік, Поперечное ауылы –ауыл өмірінің атмосферасын сезіне білетін жер. 
«Экотуризмді дамытумен қатар қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халық серуені, өнер шеберханалары мен семинарларлар өтеді»,-деп хабарламада айтылған.

Барлық жаңалықтар