- Басты
- Жаңалықтар
- Италияда О. Сүлейменовтің «Хат тілі» кітабының тұсаукесері өтті (ФОТО)
Италияда О. Сүлейменовтің «Хат тілі» кітабының тұсаукесері өтті (ФОТО)
Қазақстанның Италиядағы Елшілігі еліміз Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойы қарсаңында кітаптың аудармасы мен басылуын тарих, мәдениет, әдебиет және филология саласында кітаптарды басып шығаруға мамандандырылған «Сандро Тети Эдиторе» баспа үйімен бірлесіп дайындады.
“Кітаптың тұсау кесеріне Италияның өнерпаз және ғылыми зиялы өкілдері, саяси, қоғамдық, іскерлік топтары, итальян университеттерінің профессорлары және студенттері, Италияның ірі кітап баспаларының өкілдері қатысты”, - делінген хабарламада.
Атақты итальяндық тарихшы және жазушы Франко Кардини кітаптың авторын таныстыра отырып, жиналған қауымды әлемде алғаш рет антиядролық қозғалысының негізін қалаған О. Сүлейменовтің қоғамдық-саяси қызметімен таныстырды. Ол О. Сүлейменовтің әдеби қызметіне тоқталып, автордың өлеңдері мен дастандары әлемнің көптеген тілдеріне аударылғанын атап айтты.
“Сонымен қатар, «Хат тілі» кітабының итальян тіліне аударылуы еуропалық тілдердің арасында алғаш болды. Сондай-ақ, Ф. Кардини О. Сүлейменовке мәдениет бауырластығы және халықтарды рухани өзара байыту идеясы бұрыннан жақын, ал оның итальян тіліндегі кітабының басылып шығуы Қазақстан мен Италия арасын жақындатуға тағы бір нақты қадам деп айтып өтті”, - деп хабарлады сыртқы істер ведомствосы.
О. Сүлейменов «Хат тілі» кітабының итальян тіліндегі тұсау кесеріне қатысуын айтулы оқиға болып саналады деп айтты. Автор аталған жұмыс дәл 1998 жылы Рим қаласында Италиядағы қазақстандық елшілікті басқару сәтінде аяқталғанын атап өтті. Сонымен қоса, автор өзінің кітабымен жұмыс жасау аясында оны бірнеше он жылдық бойы этимологиялық сөздік негізінде жазғанын жеткізді. Кітаптың тұсау кесері барысында автор Қазақстанда әдебиеттің дамуы туралы қатысушылармен қойылған сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара қазақ жазушыларының шығармасын Италияда насихаттау арқылы Қазақстанның мәдени имиджін ілгерілетуге сабақтас болды. Тұсау кесер қатысушылары атақты қазақстандық жазушы ақынның кітабы итальян тілінде жарыққа шығуы Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы достық ынтымақтастықтың одан әрі дамуына тағы да бір маңызды үлес қосу оқиғасы болып саналады деген ортақ ойға ие болды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы