- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс ХҒТО қызметін жалғастыру келісімін ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады (ФОТО)
Мәжіліс ХҒТО қызметін жалғастыру келісімін ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады (ФОТО)
«Келiсiмге сәйкес Қазақстан орталыққа қызметтiк орын-жай бередi, сонымен қатар осы орын-жайға қызмет көрсетудi, коммуналдық және күзет қызметтерiн төлеудi қамтамасыз етедi. Орталық қызметiн жалғастыру туралы келiсiм әлi күнге дейiн ратификацияланбаған. Дегенмен, бұл орталық қазiргi уақытта Назарбаев университетiнiң ғимаратында тегiн орналасқан. Шығындарды Назарбаев университетi төлеп отыр. Жылына 18 млн теңге жұмсалады. Қазiргi кезде министрлiк Астана ЭКСПО-2017 компаниясымен және Астана қаржы орталығымен бiрлесiп, орталықтың штаб-пәтерiн көрме өткен соң ЭКСПО ғимаратының бiрiне орналастыру мәселесiн қарастыруда», - деп баяндады ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Келiсiмге сәйкес орталықтың негiзгi мiндетi - жаппай жою қару саласындағы ғалымдар мен инженерлерге өз бiлiмiн бейбiт мақсатқа пайдалануға мүмкiндiк беру. Орталық қызметiн екi бағыт бойынша iске асырады - ғылыми-техникалық жобаларға грант бөлу және конференция, семинар өткiзу. Әр жоба бойынша орталық бөлетiн грант ғылыми ұйымның сұраған сомасына байланысты.
Әр жоба бойынша орташа сома - 100 мыңнан 600 мың АҚШ долларына дейiн болады. Жобалардың жалпы ұзақтығы 2-3 жыл. Өткен 20 жылдың iшiнде Қазақстанның ғалымдарына орталық бөлген гранттар көлемi - 75 млн долларды немесе гранттардың жалпы сомасының 13 пайызын құрады. Осы кезеңде 206 грант 5 мыңдай қазақстандық ғалымға бөлiнген.
«Орталық ұсынған ғылыми бағыттар - биотехнология, экология, ядролық реакторлар, материалтану, химия және физика. Сонымен қатар, 2014 жылы Қазақстан ғалымдарына орталық ең көп грант - 1,5 млн доллар бөлдi. 2014 жылғы жалпы қаржыландыру көлемiнен 45 пайыз алдық. Ендi 2015-2016 жылдарға Қазақстанға қаржы бөлiнген жоқ. Ратификациялау қажет болып тұр. Қазiргi уақытта қазақстандық тапсырылған жобалардың саны 50 пайызды құрады. Ендi ғалымдар жұмыс iстеуге дайын», - дедi министр.
Қаржыландыру процесi үш кезеңде өтедi. Ең алдымен, тапсырылған қазақстандық жобалар өзiмiздiң ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесте қаралады. Аталған кеңестiң құрамына қазақстандық мемлекеттiк және тиiстi органдардың өкiлдерi кiредi.
Барлығы 11 адам. Сол кеңестi министрлiк өзi басқарып отыр. Екiншi кезеңде таңдалған жобалар орталықтың ғылыми-техникалық комитетiне ұсынылады.
«Онда дауыс беретiн қазақстандық бiр ғалым болады. Екiншi кезеңнен өткен жобалар орталықтың басқарушылық кеңесiне қарауға түседi. Бес дауыстың iшiнде бiздiң бiр дауысымыз болады. Келiсiм ратификациядан өткенше дейiн Қазақстанның екiншi-үшiншi кезеңде дауыс беруге құқығы жоқ», - дедi Е.Сағадиев.
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық - үкiметаралық ұйым. Орталық ядролық қаруды таратпау мақсатында Еуропалық одақ, Ресей, АҚШ және Жапония арасындағы келiсiм негiзiнде 1992 жылы құрылған.
Қазақстан Республикасы орталыққа 1995 жылы қосылған. Орталықтың қызметiн жалғастыру туралы келiсiмге 2015 жылы Астана қаласында қойылды. Келiсiмде орталықтың штаб-пәтерiн Ресейден Қазақстанға көшiру қарастырылған.
Сурет: Шыңғыс Қаппаров
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері