- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысы Канадамен ынтымақтастықты кеңейтеді
Ақтөбе облысы Канадамен ынтымақтастықты кеңейтеді
2015 жылы өңірдің Канадамен тауар айналымы 2,6 млн. долларды құрады. Олардың негізін сырттан әкелетін ауылшаруашылық және орман шаруашылығы машиналары, қыздырылған резеңкеден жасалған бұйымдар құрайды. Облыстың сыртқа шығаратын құрлымына өлшеу және бақылау аспаптары құрал-жабдықтар мен машиналар кіреді.
«Ақтөбе облысы елдің мұнай-газ, хром рудасын, ферроқорытпа және құрылыс материалдарын өндіретін индустриалды дамыған өңір болып табылады. Облыста хромның барлық отандық қоры, оның ішінде 340 пайдалы қазбалар кен орындарымен қосқанда бірегей минералдық-шикізат базасы бар. Канаданың тау-кен саласы бойынша әлемнің көш басында тұрғанын ескере отыра, бізді облысымыздағы пайдалы қазбаларды барлау және өндіру мәселелері бойынша ынтымақтастық қызықтырады», - деді Бердібек Сапарбаев.
Ауылшаруашылығын дамыту - Ақтөбе облысы экономикасының басым бағыттарының бірі. Өңірде сүт және ет өнімдерін беретін ірі қараларды көбейту үшін белсенді жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда ірі қара малдың саны 443,1 мың басқа өсті.
«Біздің мал өсіретін кәсіпорындарымыз канадалық компаниялармен жұмыс жасауда оң нәтижеге ие. Біз осы саланы әрі қарай дамытуға ынталымыз. Сіздің елдің бизнес қоғамына ұсынуға дайын нақты жобаларымыз бар. Ресей, Қытай және Орталық Азия нарығына кіруді қамтамасыз ететін тиімді географиялық жағдай – бұл біздің облыстың инвесторларға деген бірден бір басымдығы болып табылады. Бұған қоса, қолайлы инвестициялық климатты орнатуға жағдай жасалуда. «Бір терезе» қағидасы бойынша индустриалдық аймақ салынып, инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Біз салынған қаржының сақталып, тиімді пайдаланылуына кепілдік береміз», - деді облыс әкімі.
Өңір басшысы ынтымақтастық жасаудағы тағы бір әлеуетті бағыттардың бірі - білім және ғылым саласы, сонымен қатар жабық хоккей модулінің құрылысы, балалар арасында спортты дамыту болып табылатынын атап өтті
Елші өз кезегінде Канаданың келешекте ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.
«Ақтөбе облысының географиялық жағдайы расымен де тиімді. Және біз бұдан үлкен артықшылық көріп тұрмыз. Сонымен қатар, өңірдің және осы елдің мал шаруашылығын дамытуда алда екенін айта кеткім келеді. Сондай-ақ, біз ірі қара мал етін өңдеу туралы әңгіме қозғағанда Бразилияны еске аламыз. Мен Қазақстанның осындай ірі өндірушілер қатарына кіруіне барлық мүмкіндіктері бар екендігіне сенімдімін. Тау-кен өнеркәсібіндегі ынтымақтастық та - өзекті. Келесі жылы мен осы жерге ауылшаруашылығы тау-кен өндірісі және спорт саласындағы канадалық кәсіпкерлерді тартуға ниеттімін», - деді дипломатиялық өкілдіктің басшысы.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр