Степногорде жылыту маусымына дайындық аяқталуға жақын – әкімдік (ФОТО)

20 Қыркүйек, 2016 18:34
Жылыту маусымына қарай Степногордағы ЖЭС-те барлық энергетикалық қондырғы станциялары жөнделеді, бұл алты энергетикалық қазандық, бес турбина және бір су жылыту қазандығы, деді бас инженер Павел Перевезенцев жылыту маусымына арналған кеңесте.

Ол айтып өткендей, станцияларда  жұмыс аяқталуға жақын, 93 пайызды құрап отыр. «Бірінші қазанға сәйкес,  жанармай қоры 65 мың тонна көмірді құрады», - деді ол.

«Степногорск Теплотранзит», «Степногорск Энерготранзит», «Степногор су арнасы» өкілдері  қажетті жұмыс орындалып, жылыту маусымына 100 пайыз дайын екендерін айтты.

Жазғы жағдайдағы төтенше жағдайға әрекет ету  бойынша дайындық мәселесі туралы  ТЖ басқармасының жетекшісі Еркебұлан Ксенжолов  айтып берді. Ол өз сөзінде  ТЖБ қысқы жағдайда  жұмыс істеуге толық дайын екенін айтып өтті.

Қала әкімі Әнуар Күмпекеев қиын жағдайға түскен адамдарға көмек көрсету әрбір адамның азаматтық парызы екенін айтып өтті. 

Барлық жаңалықтар