- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда коллекторлық агенттіктердің қарызгерлер құқығын бұзу қауіпі жойылады
Қазақстанда коллекторлық агенттіктердің қарызгерлер құқығын бұзу қауіпі жойылады
Заң жобасы әлеуметтік тәуекелдерге ұшырайтын банктік кредиттеу және микроқаржыландыру секторында туындайтын мерзімі өткен берешекті өндіріп алу барысындағы коллекторлық агенттік, кредитор және борышкердің арасындағы өзара қатынастарды реттеуге бағытталған.
Заң жобасы арқылы коллекторлық қызметтер нарығын дамытуға қолайлы құқықтық жағдайлар жасалып, мерзімі өткен берешекті өндірудің тиімділігі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, халықтың коллекторлық қызметке сенімділігін арттырып, әлеуметтік шиеленістерді төмендету да қарастырылып отыр.
Заң жобасында коллекторлық агенттіктерді ҚР Ұлттық банкі реестрінде міндетті түрде тіркеу туралы норма көзделіп отыр. Бұл олардың қызметін айқын әрі жария етеді.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, заң жобасының басым міндеттеріне коллекторлық агенттіктердің асыра сілтеушіліктерінен борышкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету нормалары кіріп отыр.
Сондай-ақ, көлеңкелі коллекторлық агенттіктерді болдырмау, коллекторлық қызметтің айқындылығын және олардың борышкерлермен өзара қатынастарының қауіпсіздігін арттыру мәселелері де қарастырылады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды