• Басты
  • Жаңалықтар
  • Түркістанда жыл соңына дейін 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі (ФОТО)

Түркістанда жыл соңына дейін 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі (ФОТО)

20 Қыркүйек, 2016 16:08
Жыл сайын елімізде халықтың әл ауқатын арттыру мақсатында баспана алу мәселесі жүйелі жолға қойылып келеді.Осы ретте, Елбасы Үкіметке «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын нақтылауды тапсырған болатын, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Аталған бағдарлама аясында Түркістан қаласындағы жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Отырар» шағын ауданында 5 қабатты 2 тұрғын үй құрылысы бітуге таяды.

Биылғы жылдың соңына қарай жаңа пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілмек.

Осы кезекте Қазақстан иппотекалық компаниясы арқылы 9 қабатты 2 үйдің құрылысы жүргізіліп жатқандығы белгілі. Жақын күнде мұнда да заман талабына сай баспаналар тұрғындар игілігіне берілетін болады.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар үшін қуаншты хабар – жаңа шағын ауданның маңынан тағы да 8 үйдің құрылысы басталмақ. Бұл үйлерді келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар