- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы 5 мыңнан астам адам шағын несие алды - Дүйсенова
2016 жылы 5 мыңнан астам адам шағын несие алды - Дүйсенова
«Өзін-өзі қамтыған және жұмыссыздардың қатарынан жеке кәсіпкерлерді қалыптастыруға бағытталған бағдарламаға 30,8 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылғыдан үш есеге көп. Биылғы жылы шағын несиелеу үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл «Нұр Отан» партиясының «Ауылдағы жұмыс» жобасы аясындағы бірлескен жоба, ол бес өңірде пилоттық режимде жүзеге асырылып отыр. Оның мақсаты - жәрдемші шаруашылық базасында шағын тауарлық өндірісті құру. Аталмыш қызмет үшін шағын несиелеу 6 млн теңгеге көтерілді. Үшіншіден, несиелеуді ұйымдастыру өңірлерді дамыту картасына сәйкес. Жыл басынан бері шағын несиені 5 мың 428 адам алған», - деді Т.Дүйсенова.
Ол айтып өткендей, бүгінде 2011 жылы бөлінген қаржының 96,2 пайызы мемлекетке қайтарылды.
«Бұл қаржыдан 3 мың адам қордан қосымша несиелерге ие болды. Осы жылы бөлінген қаражаттың 90 пайызы ауыл шаруашылығында, 6 пайызы қызмет көрсету саласында қолданылған. Жыл соңына дейін 4 мың 130 адам сәйкес кестеге орай шағын несие ала алады», - деді министр.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс