- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Абаев: Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы электронды түрде жүзеге асады
Д.Абаев: Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы электронды түрде жүзеге асады
«Мемлекеттік органдардың басты міндеті – халыққа қызметтің барынша сапалы, әрі оңай көрсетілуін қамтамасыз ету екенін Елбасы үнемі айтып келеді. Осы бағытта ел игілігі үшін қыруар іс-шара жүзеге асырылды», - деді ол.
Оның айтуынша, мысалы, жеке куәлікті алу бұрын бір айға созылса, қазір ол бар болғаны 2 күнде дайын болады. Және тіркелген орныңызға қарамастан, кез келген қаладан ала бересіз. Осылайша, халықтың уақыты ғана емес, қаржысы да үнемделіп отыр. Немесе ең жиі сұралатын қызметтердің бірі – «қылмыстық құқық бұзушылық туралы» анықтамаға тоқталайық. Бұрын 7 күн ішінде берілетін осы құжатты қазір санаулы минут ішінде алуға болады. Кәсіпкерлік үшін жасалған жеңілдіктер де аса қомақты.
«Мысалы, барлық лицензия түрлерін алу бұрын 30 күнге созылды. Ол үшін талай құжат жинауға тура келетін. Қазір электронды үкімет порталы арқылы оны 15 күн ішінде жүзеге асыруға болады. Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады», - дейді Дәурен Абаев.
Министрдің айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметтер реестрінде 739 қызмет түрі бар. Соның 530-ын электронды үкімет порталы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемелеттік корпорациясы арқылы алуға болады.
«Мекемеаралық комиссияның биылғы отырысында қағаз жүзіндегі 209 қызмет болса, оның 53-і «Азаматтарға арналған үкіметке» берілген. Ал қалған 156-сы әзірге толық шешілген жоқ. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын «электронды үкімет» пен мемлекеттік корпорация жүзеге асырады», - дейді ол.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар