- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев өңірлерде жылыту маусымына дайындықты жеделдетуді тапсырды
Б.Сағынтаев өңірлерде жылыту маусымына дайындықты жеделдетуді тапсырды
«Ақмола, Жамбыл, Қызылорда мен Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдіктері алдағы жылыту маусымына жанармай сатып алу үшін Үкімет резервінен 1 862 млн теңгеге бюджеттік сұраным тапсырды. Оның ішінде мазутты сатып алу үшін 30 мың 364 тоннаға 1 528 млн теңге, 92 мың тонна көмірді сатып алуға 335 млн теңге берілді», - деді Қ.Бозымбаев.
Бұл өтініш бойынша Б.Сағынтаев жауапты ведомстволарға Үкіметтің келесі отырысына дейін шешім қабылдау керектігін айтты.
Сондай-ақ, аталмыш мәселе бойынша Ұлтық экономика министрі Қуандық Бишімбаев есеп берді.
«Алдағы жылыту маусымына дайындық мақсатында 2015-2017 жылдарға арналған шаралар жоспары мақұлданды. Жоспарға сәйкес, облыстарда жылу көздері мен білім беру нысандары, денсаулық сақтау мекемелері дайындалып жатыр. Қазіргі таңда әкімдіктер ұсынған ақпарат бойынша, 10 967 білім беру нысаны толық жөнделіп, қысқа дайындалды. Денсаулық сақтау нысандарының дайындығы 96 пайызды құрап отыр. Әкімдіктердің мәліметінше, қазандықтардың жөнделуі 96 пайызға орындалды, қалған 4 пайызы 15 қазанға дейін дайын болады», - деді Қ.Бозымбаев.
Ол айтып өткендей, көмір сатып алудың төмен үрдісі Батыс Қазақстан облысы, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Қостанай облыстары мен астанада байқалып отыр.
Ботагөз Айтжанова
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Өңірлерде санитарлық нормалар қалай сақталып жатыр -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды -
Сайлауалды үгіт-насихат: Өңірлердегі кездесулер жалғасуда -
Үгіт-насихат жұмыстары: Өңірлердегі кездесулер, алғаш дауыс берушілермен жүздесу -
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: өңірлердегі тұрғындармен кездесулер өтті -
Өңірлердегі жаппай газдандыру Қарағандының көмір өндірісіне әсер еткен жоқ – әкім -
Жылыту маусымы кезiндегi өpт қауiпсiздiгi: нені білу керек