• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев: Өңірлерде азық-түлік бағасын сақтап тұруды қамтамасыз ететін қатаң қадағалу жетіспейді

Б.Сағынтаев: Өңірлерде азық-түлік бағасын сақтап тұруды қамтамасыз ететін қатаң қадағалу жетіспейді

20 Қыркүйек, 2016 11:59
Бізде өндірісті ынталандырып, бағаны сақтап тұруды жүзеге асыратын тетіктер өте көп, бірақ олар жұмыс істемей отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

«Бізде  өндірісті ынталандырып, бағаны сақтап тұруды жүзеге асыратын тетіктер өте көп, олар жұмыс істемей отыр. Себебі,  өңірлерде әкімдік тарапынан бағаны реттейтін қатаң қадағалау жоқ», - деді Б. Сағынтаев.

Премьер-Министр жергілікті атқарушы органдарға  азық-түлік  өнімдерінің бағасын реттеу бойынша  жүйелік шаралар қолдануды тапсырды.

«Біз кейбір әріптестеріміздің  жүйелік шараларды қолданудың орнына, базар аралап бағаларды реттеп кететінін көреміз. Олар өздері келмес бұрын, бағаның өзгертілетінін біледі.  Бұл популизмнен басқа ешнәрсеге әкелмейді», - деді ол.

Осы орайда Б.Сағынтаев министрлер мен әкімдерге  нақты өнімдер бойынша бағаның көтерілу себебін  нақтылап отыруды тапсырды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар