• Басты
  • Жаңалықтар
  • Инфрақұрылымдық жобалар аясында азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 84 млрд теңге бөлінген – ҚР ДСӘДМ

Инфрақұрылымдық жобалар аясында азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 84 млрд теңге бөлінген – ҚР ДСӘДМ

20 Қыркүйек, 2016 11:52
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтуға 5 мың 243 жобаға 84 млрд теңге бөлінген, деді Үкіметтің отырсында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

«Қазіргі күні 435 жоба аяқталды. Іске асырудың жолында тұрған 4 мың 808 жоба тамыз айында Ұлтық қор мен арнайы қордан қосымша бөлінген қаражатқа  іске асырылады. Бұл жобаларға 18 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың ішінде 9,5 мың азамат – жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар»,-деді Т.Дүйсенова.

Оның айтуы бойынша, нақты жұмыспен қамту мониторингі жүзеге асырылуда.

« Атқарылып жатқан жұмысқа қарамастан, облыс әкімдеріне жылдың соңына дейін 53,4 млрд теңгенің 4808 жобасын аяқтау керектігін ескерткім келеді»,-деді министр.

Отырыс барысында ведомство басшысы Премьер-Министрден облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жылдың соңына дейін бөлінген бюджеттің жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге және кестеге сәйкес 1 желтоқсанға дейін барлық жөндеу жұмыстарын аяқтауға тапсырма беруін сұрады.

Барлық жаңалықтар