• Басты
  • Жаңалықтар
  • Премьер-Министр облыс әкiмдерiне бірінші қажеттіліктегі азық-түлiк бағасының өсуін болдырмауды тапсырды (ФОТО)

Премьер-Министр облыс әкiмдерiне бірінші қажеттіліктегі азық-түлiк бағасының өсуін болдырмауды тапсырды (ФОТО)

20 Қыркүйек, 2016 11:47
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында облыс әкiмдерiне бірінші қажеттіліктегі азық-түлiк бағасының өсуін болдырмауды тапсырды.

«Қанша азық-түлiк түрi бойынша екенi маңызды емес. Бастысы, факт бар. Жүйелi жұмыс жүргiзу керек. Екiншiден, орта республикалық деңгеймен салыстыру дұрыс емес. Облыста өмiр деңгейi орташа республикалық деңгейден төмен. Сондықтан салыстырудың қажетi жоқ», - дедi өз кезегiнде Б.Сағынтаев.

Батыс Қазақстан облысының әкiмi де бағаны тұрақтандыру үшiн қажеттi жұмыс жасалып жатқанын айтты.  Премьер-министр тұрақтандыру қорының қаражатын пайдалануды тапсырды.Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысындағы бағаны тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс  туралы баяндаманы тыңдады.

Осы орайда, Премьер-Министр аталмыш мәселені шешіп, азық-түлік тауарларына бағаның өзгеруіне алдын-ала әрекет етуді тапсырды.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері  өндірістік  бағаның индексі 5,4 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауары – 5,2 пайызды құрады. 2016 жылдың 30 тамызындағы жағдай бойынша жыл басында ӘМАТ бағасы 9 пайызды құраған болатын.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Шыңғыс Қаппаров 

 

Барлық жаңалықтар