• Басты
  • Жаңалықтар
  • Өңірлерде азық-түлік бағасының маусымдық өзгеруіне алдын-ала әрекет жасау керек – ҚР ҰЭМ

Өңірлерде азық-түлік бағасының маусымдық өзгеруіне алдын-ала әрекет жасау керек – ҚР ҰЭМ

20 Қыркүйек, 2016 11:23
Жергілікті атқарушы органдар маусымдық бағаның өзгеруіне алдын-ала әрекет жасауы тиіс, деді Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«Орта мерзімді перспективада импортқа тәуелді өнімдердің өндірісін арттыру үшін шаралар қабылдау ұсынылады. Жергілікті атқарушы органдармен әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарлары бойынша тауарлық интервенцияны жүргізуде тұрақтандыру қорларының жұмысын жандандыру қажет. Көптеген факторлар болжаммен айтылған және ЖАО маусымдық ауытқуға алдын-ала әрекет жасауы тиіс. Яғни, дайындалуға мүмкіндік бар уақытта жүзеге асырған жөн»,-деді Қ.Бишімбаев.

Ведомство басшысы айтып өткендей, барлық аймақтар аталмыш жұмысты орындап жүрген жоқ.

«Жылдың соңына дейін қымбаттайтын әлеуетті өнімдерге талдау жүргіздік. Аймақтармен жеке кездесу өткіземіз, қымбаттайтын тауарлар туралы ақпараттандырамыз»,-деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар