• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Бишімбаев азық-түлік бағасының өсуіне жол бермейтін шараларды атап өтті

Қ.Бишімбаев азық-түлік бағасының өсуіне жол бермейтін шараларды атап өтті

20 Қыркүйек, 2016 10:49
Нарық субъектілерінде жосықсыз тәртіптің болуы бағаның өсуіне әсер етеді. Сауданың баға өсушілігі 200 пайыздан асқанда жағдай анықталады, деді Үкіметтің отырысында ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«Бүгін қорды тұрақтандыру, қорларды қолдау бойынша әкімдіктермен жұмыс  нашар жүргізілуде. Қорларды толықтырып отырған жеке облыстар бар және олар нарықта жағдайды анықтап, маусымдық ауытқу кезінде тауарларын шығарып отырады. Кейбір аймақтар тауарды мүлдем сатып алмайды, 2016 жылдың ішінде сатып алуды жасамаған»,-деді Қ.Бишімбаев.

Оның айтуынша, республика бойынша бағаның айырмашылығы вермишель бойынша 172 пайызды, ұнтақ жармасы бойынша - 123%,  арпа бойынша-147%, тары бойынша -175%, күріш бойынша - 116%-ды құрады.

«Министрлікпен әлеуметтік маңыздағы азық-түлікке алыпсатарлық бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Монополияға қарсы органмен ағымдағы жылдың басынан бастап 27 тексеру жүргізілді. Оның ішінде 12-сі аяқталды, бұзушылықсыз-7, бұзушылықпен-5 болды. 15 бойынша тексеру жұмыстары жасалуда»,-деді министр.

Министрдің айтуы бойынша, Павлодар облысында қарақұмық жармасына 182-ден 196 теңгеге дейін  бағаның өсуін тексеру барысындағы анықталған факті бойынша тиісті нұсқама және айыппұл салынды. Қазіргі күні қабылданған шаралар сот тәртібінде шағымдануда.

«Монополияға қарсы ведомствосымен қант нарығына 10 тексеру жұмыстары жүргізілуде. Олар: Астана қ., Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары. Ағымдағы жылдың қыркүйек жағдайы бойынша,  бір киллограмға бағаның 10 теңгеге төмендеуі байқалады, яғни 270 теңгеге дейін»,-деді Қ.Бишімбаев.

Сонымен қатар, ведомствоның мәліметі бойынша, монополияға қарсы органымен Астана қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында нан бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Тексеру қорытындысы бойынша, монополялық кірісті ескере отырып, шамамен 23,0 млн  теңгені құрады. Оның ішінде, қазіргі күні мемлекеттің бюджетіне шамамен 12,0 млн теңге түсті»,-деді министр.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар