• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тұрақтандыру қорларын толтыруға бағытталған қаражат қажетті деңгейде жұмсалмай отыр – Бишімбаев

Тұрақтандыру қорларын толтыруға бағытталған қаражат қажетті деңгейде жұмсалмай отыр – Бишімбаев

20 Қыркүйек, 2016 10:23
Барлық өңірлерде Тұрақтандыру қорын толтыруға бөлінген қаржы қажетті деңгейде қолданылып жатқан жоқ, бүгінгі күндегі қаржы қалдығы 4 млрд теңгені құрап отыр, олар Тұрақтандыру қорының ағымдағы есебі мен депозиттік есептерінде тұр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азық-түлік тауарларына бағаның өсуін болдырмау тақырыбына арналған Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Біз Тұрақтандыру қорының  2015-2016 жылдардағы жұмысын сараптамадан өткіздік. ӘМАТ  бағаларын реттеуді жүзеге асыру үшін қорды тұрақтандыру қажет, оның әлеуеті қажеті деңгейде қолданылып жатқан жоқ. 25 тамыздағы жағдай бойынша  тұрақтандыру қорындағы резерв 33 мың тоннаны құрап отыр», - деді министр.

Министрдің айтуынша, барлық өңірлерде Тұрақтандыру қорын толтыруға  бөлінген қаржы қажетті деңгейде қолданылып жатқан жоқ,  бүгінгі күндегі қаржы қалдығы 4 млрд теңгені құрап отыр, олар Тұрақтандыру қорының ағымдағы  және  депозиттік есептерінде тұр.

«Өңірлердегі азық-түлік бағасының бірден қауырт өсіп кетуі азық-түлік тауары қорының аздығымен түсіндіріледі. Себебі, тұрақтандыру қоры уақытында толтырылмайды. Маусымдық тұрақсыздық жағдайында тұрақтандыру қорының жұмысына ерекше назар бөлген жөн», - деді Қ.Бишімбаев.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар