Қызылорда облысының Әйтеке би ауылында 600 орындық мектеп ашылды

3 Желтоқсан, 2013 16:40
Кеше, 2 желтоқсан Қазалы ауданы Әйтеке би ауылында 600 орындық мектеп ашылды, деп Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ата-аналар мен оқушыларды мектептің ашылуымен құттықтады. Мекеме жаңа қондырғымен жабдықталған. Оқуышылардың  сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, облыс әкімі Арал мен Қазалы ауданына сапарлап барды, онда «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша 15 бір бөлмелі пәтердің ашылу салтанаты өтті.

«Баспана кілтіне ие болғандардың арасында – жетімдер, аз қамтылған отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар», - деп әкімдікте нақтыланды. 

Барлық жаңалықтар