- Басты
- Жаңалықтар
- 700 мыңнан астам ақтөбелік жыл соңына дейін табиғи газбен қамтамасыз етіледі
700 мыңнан астам ақтөбелік жыл соңына дейін табиғи газбен қамтамасыз етіледі
Елбасы тапсырмасын орындау үшін өңірде халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша, атап айтқанда елді мекендерді газдандыру шаралары жүргізілуде. Жобаларды жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен қыруыар қаржы бөлінуде. Облыста жыл сайын 4 млрд текше газ өндіріледі, қазіргі таңда 695 мыңға жуық адам тұратын 375 елді мекеннің 101-і газдандырылған.
“Облыс әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған «ҚазТрансГазАймақ» АҚ инвестициялық қаржы есебінен Ойыл ауданының Ойыл, Әйтеке би ауданының Комсомол, Қарғалы ауданының Қос-Естек ауылдарынан, Ырғыз ауданының Ырғыз, Алға ауданының Үшқұдық ауылдарының ішіне жалпы құны 5,9 млрд. теңге болатын ұзындығы 293 шақырымдық газ құбырын тартты. 2016 жылдың шілде айында бюджет қаржысы есебінен 2014 жылы басталған Мәртөк ауданының Жайсаң ауылына қарай өтетін газ құбырының құрылысы аяқталды”, - делінген хабарламада.
Бұдан өзге, ағымдағы жылы Мәртөк ауданының Казанка, Қарғалы ауданының Жосалы, Кемпірсай, Шалқар ауданының Байқадам, Шетырғыз ауылдарын газдандыру жобаларын жүзеге асыру басталды.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен жасалған меморандумға сай құны 14,3 млрд. теңге болатын 12 жоба жүзеге асырылады. Оның ішіне ұзындығы 316,8 шақырым газ құбыры тартылатын Әйтеке би ауданының Комсомол, Ойыл ауданының Ойыл, Қарғалы аудананың Қос Естек, Мұғалжар ауданының Талдысай, Еңбек, Алтынды, Хромтау ауданының Аққұдық ауылдарын газдандыру, Ақтөбе және Қандыағаш қалаларындағы Ақтөбе газ тарату бекетінің құрылысы кіреді.
2016 жылдың соңына дейін барлық 12 аудан орталықтары газдандырылып, 109 елді мекенде тұратын 715 тұрғын газбен қамтылады деп күтілуде.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі