• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ҰЭМ әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағасының өсу себептерін түсіндірді

ҚР ҰЭМ әлеуметтік маңыздағы азық-түлік бағасының өсу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек, 2016 10:12
Баға ортасын өзгерту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне арналған тарифтерді ұлғайту, маусымдық ауытқудың әсері, экспорттық жеткізілімнің әсері әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне ықпал етті. Бұл туралы Үкіметтің отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

«Үкімет пен Ұлттық Банк қабылдаған Дағдарысқа қарсы жоспар аясында, Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуін болдырмау тапсырмасын берді. Әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне маңызды тауарлардың 33 түрі кіреді: макорон өнімдері, жарма, көкөніс, ет, сүт өнімдері, жұмыртқа мен тұз және олар инфляцияны есептеу кезінде ескеріледі. Ресми статистиканың мәліметі бойынша, жылдың басынан бастап тұтынушылық индекс 5,4 пайызды құрады, сонымен қатар азық-түлік тауарлары-5,2 пайызды құрады. 2016 жылдың 30 тамыз жағдайы бойынша әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне баға 109 пайызды құрады»,-деді Қ.Бишімбаев.

«Біріншіден, әлемдік нарықтағы бағаның өзгеруі мен ұлттық валютаның құнсыздануы импорттық жеткізушіге әсер етіп отыр. Ал отандық тауарларды тұтынуын қамтамасыз ету 60%-ды құрайды: ірімшік (16,7%), сүзбе (55,8%), тауық еті (41,6%), сұлы жармасы (55,1%), шекер (56,4%).  Екіншіден, табиғи монополия қызметінің тарифін көтеру (электр энергиясы, су) және ЖЖМ бағасы 2015 жылдың қыркүйегінде 15,6%-ға өсті. Былтыр 1-тоқсанда электр энергиясы бағасының 7,9%-ға өсуі азық-түлік тауарларының қымбаттауына себеп болды. Үшіншіден, маусымдық ауытқудың әсері. Жыл сайын тауардың жекелеген түрлері бойынша қоймадағы қордың азаюына байланысты олардың бағасы құбылып тұрады. Бұл ең алдымен көкөністер: картоп, сәбіз, жуа, қырыққабат, қызылша. Баға, әдетте, сәуір-тамыз айларында көтеріледі. Төртіншіден, экспорттық жеткізудің әсері. Еуразиялық экономикалық одақ аясында, Ресей мен Қырғызстанның шекара маңындағы бағалардың өскен жағдайда ішкі нарықтағы тауарлар құны да көтеріледі», - деп мәлімдеді ол. 

Осылайша, аталмыш фактор бағаның өсуіне өзінің әсерін тигізді және олар жылдың соңына дейін бағаның айтарлықтай өсімі болмайды деп күтеді.

«Жыл сайын азық-түлік тауарларына бағаның өсуі бойынша жағдай қайталануда. Алайда, жергілікті атқарушы органдар бұл жағдайды ескеріп отырған жоқ және ішкі нарықта тұрақтандыру үшін тиісті шаралар қабылдамауда»,-деді Қ.Бишімбаев.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар