Биыл Ақмола облысында 524 отбасы жалға берілетін баспанаға ие болады

20 Қыркүйек, 2016 15:29
Ақмола облысында жыл басынан бері 271 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43%-ға артық. Биыл барлығы 524 отбасы жалға берілетін баспанаға қол жеткізеді. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп беру кезінде аймақ басшысы Сергей Кулагин мәлімдеді.

Тұрғын үй құрылысына тоқталған Сергей Кулагин бұл салаға құйылған инвестиция 21 млрд теңгені құрағанын атап өтті.

Жылдық жоспар 22%-ға асыра орындалды – биылғы жылдың сегіз айы ішінде 271 мың шаршы метр тұрғын үй (бұл 2,5 мың пәтер) пайдалануға берілді.

Былтырғымен салыстырғанда  өсім – 43%. Ұлттық қор қаражатынан облигациялық қарыз есебінен Көкшетауда несиеге берілетін бес үй салынып жатыр (1,3 млрд теңге бөлінді).

Биыл 524  отбасы жалға берілетін, 165 отбасы несиеге берілетін баспана алады.

«Жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін инженерлік инфрақұрылым тартуға 260 млн теңгеден астам қаржы бөлінді», - деп мәлімдеді әкім.

Барлық жаңалықтар