• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында экономиканың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалып отыр – депутат (ФОТО)

Ақмола облысында экономиканың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалып отыр – депутат (ФОТО)

20 Қыркүйек, 2016 12:47
Көкшетауда Ақмола облысы мәслихаты депутаттарының форумы өтті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Форумда  Ақмола облысының  әкімдіктері мен мәслихаттарының бірлескен жұмысының нәтижесінде  экономиканың негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалғаны айтылып өтті.

«Ақмолалықтар кәсіпкерлік пен өнеркәсіп бағдарламаларын жүзеге асыру жолында ерен еңбек етіп жатыр. Әлеуметтік серіктестік аясында  ауылдың тартымдылығы мен әлеуметтік инфрақұрылым жағдайлары жақсарып отыр», - деді облыстық мәслихат хатшысы Дулат Нұрмолдин.

ІСБ ақпараты бойынша, Ақмола облысы алтыншы шақырылымының депутаттық корпусы  276 депутаттан тұрады. Саяси аренадағы әйелдердің үлесі 25 пайызды құрап отыр.

Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері өз алдарында нақты мақсат қойды: өмір сүру сапасын арттыру мен оның өсуіне ықпал жасау.

Облыстық мәслихат хатшысының айтуынша, өңірдегі ең өзекті мәселелер бойынша арнайы жоспар құрылған. 

Барлық жаңалықтар