• Басты
  • Мемлекет басшысы Алматы облысының әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы табыстарын атап өтті
20 Қыркүйек, 2016 09:13

Мемлекет басшысы Алматы облысының әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы табыстарын атап өтті

Нұрсұлтан Назарбаев қалалық «Жастар» саябағында болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Алматы облысының  әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы табыстарын атап өтті

Мемлекет басшысы саябақты жаңарту және абаттандыру жұмыстары барысымен танысты.

Қазақстан Президенті қала тұрғындарының мәдени-көпшілік демалысы үшін мейлінше жағдай жасаудың маңыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар, Елбасы өңірдегі жұртшылық өкілдерімен кездесті.

«Облыстың шекара бойында орналасуы экономиканың көлік-логистика және электр энергетикасы салаларын дамыту қажеттігін талап етеді. Бүгінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылып, менің тапсырмаларымды облыс әкімінің тиянақты орындауының арқасында бұл салалар қарқынды дамуда. Өңірдің әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы табыстарын да айтпай кетуге болмайды. Сонымен бірге халқымыздың тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістігінің тағы бірі – бейбітшілік пен ұлтаралық келісімнің сақталуы деп санаймын», – деді Қазақстан Президенті.

Қала тұрғындары облысқа қамқорлығы және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді мемлекеттік саясаты үшін Елбасыға алғыстарын айтты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев баршаға зор денсаулық және еңбектеріне табыс тіледі.

 Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін Алматы облысына сапарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Елбасы өзінің 2014 жылы берген тапсырмаларының уақтылы орындалып жатқанын атап өтті.

«Алматы облысы – еліміздің көрікті өңірінің бірі және ауыл шаруашылығы дақылдарының көптеген түрін өндіретін аса маңызды аймақ», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қаланың абаттандырылуы жақсара түскенін айтты.

«Жаңа әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының пайдалануға берілуі еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қала тұрғындары үшін тамаша сыйлық болды. Индустрияландыру бағдарламасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасының одан әрі іске асырылуы экономикамыздың дамуына, соған орай халықтың тұрмыс деңгейінің артуына септігін тигізеді», – деді Мемлекет басшысы.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды