• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО әкімі білім беру нысандарын жөндеуге кешенді түрде қарауға тапсырма берді

ШҚО әкімі білім беру нысандарын жөндеуге кешенді түрде қарауға тапсырма берді

19 Қыркүйек, 2016 19:54
Шығыс Қазақстанда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында биыл білім берудің 139 нысаны жөнделді. 2017 жылы осы жұмысты жалғастыру барысында, аймақ басшысы Даниал Ахметов білім беру нысандарын жөндеуге кешенді түрде қарауға тапсырма берді, деп хабарлады ақпарат орталығы.

Биыл Шығыс Қазақстанда «Жаңару» бағдарламасына бөлінген қаржының шамамен 90 пайызы  мектептердің жөндеу жұмысына бағытталған. Жалпы, 139 нысан қайта жаңартылды және оған 2,2 млрд теңге жұмсалды. Алдын ала деректер бойынша, 2017 жылы ШҚО аудандарының 115 мекемесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болады.  

Жиналыс барысында аймақ басшысы аталмыш мәселеге кешенді түрде қарауға тапсырма берді.

Білім беру басқармасының талдамасы көрсетіп отырғандай, Шығыс Қазақстанда жыл сайын бір мектепке жөндеу жұмыстары жасалынып тұрады. Осыған орай, «Жаңару» бағдарламасы бойынша салынған қаржыдан әсер азайады.

«Біз әрдайым жөндеу жұмыстарын жүргізе алмаймыз. Бұл жерде кешендік сипат болу керек»,-деді Д.Ахметов.

Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша, 2016-2017 жж. «Жаңару» бағдарламасының барлық ресурстары білім беру нысандарының жөндеу жұмыстарына бағытталатын болады. 

Барлық жаңалықтар