• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қосылмау қозғалысы мүшелері Қазақстанның ядролық қаруға қарсы бастамаларымен танысты

Қосылмау қозғалысы мүшелері Қазақстанның ядролық қаруға қарсы бастамаларымен танысты

19 Қыркүйек, 2016 19:32
Венесуэладағы Маргарита аралында қосылмау қозғалысының саммиті өтті. Оған Бразилиядағы Қазақстан Елшісі Қайрат Саржанов қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Пленарлық отырыста сөз сөйлеген Қ.Саржанов ядролық қарусыз әлем құруға Қазақстанның міндеттемесін айтты. Спикер сөз барысында аталмыш салада Қазақстанның жетістігін айтты, сонымен қатар Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы, Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуын атап өтті.

Сондай-ақ, ол бибітшілікті жасау туралы жалпыға бірдей декларацияның БҰҰ Бас Ассамблеясына қолдау көрсетуде қосылмау қозғалысы мүшелеріне ризашылығын білдірді.

Шара барысында ұйымдарға төрағаларды табыс ету болды. 2016-2019 жылға эстафета тізгінін венесуэла президенті Николас Мадуро алды.

Қосылмау қозғалысының XVII саммиті Декларацияның мүше мемлекеттерін қабылдаумен аяқталды.

Барлық жаңалықтар