- Басты
- Жаңалықтар
- Р.Жақыпов: Қазақстанда қару-жарақты заңсыз сатып алудың кез келген мүмкіндігін болдырмау қажет
Р.Жақыпов: Қазақстанда қару-жарақты заңсыз сатып алудың кез келген мүмкіндігін болдырмау қажет
«Мемлекет пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамту үшін біз азаматтық қаруды 4 бірліктен асырмау туралы шешімді қайта талқылауға келіп отырмыз. Біз қару-жарақты заңсыз қолдану бойынша мысалдар келтірдік. Егер бір үйден 10 қару шығатын болса, 10 лаңкес қару-жарақпен қамтылды деп есептеуге болады», - деді Р.Жақыпов.
Министрдің орынбасары айтып өткендей, болашақта мемлекет заңсыз қолданылатын қарудың кез келген мүмкіндігін болдырмауы керек.
«Біз адамдардың қару сатып алғанына қарсы емеспіз, бірақ олардың саны 10 емес төрт болуы керек. Меніңше, аң аулаудың да әр түрлі түрі бар. Біз бұл тәртіптерді Қазақстанда лаңкестік орнамаған жағайда енгізбесте едік», - деді Р.Жақыпов.
Айта кетейік, Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» үкіметтік заң жобасының таныстырылған болатын.
Заң жобасына енгізілетін түзетулер қару-жарақтың заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон және есірткі бизнесі саласындағы қылмыстар бойынша балама тергеуді енгізуге, қару-жарақ айналымына, оны сақтау тәртібіне бақылауды күшейту, оның ішінде азаматтық және қызметтік қару-жарақ пен оқ-дәрілердің айналымы саласында жұмыс істейтін, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін жүзеге асыруға бағытталған.
Сонымен қатарқұжаттаэкстремизм мен терроризмге ықпал ететін діни топтар мен бірлестіктердің іс-әрекеттеріне тыйым салу да қарастырылған.
Ботагоз Айтжанова
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар