• Басты
  • «Нұр Отан» партиялық кадрлық резервін қалыптастырады
20 Қыркүйек, 2016 08:51

«Нұр Отан» партиялық кадрлық резервін қалыптастырады

«Нұр Отан» партиясы аймақтық партиялық кадрлық резервті бастапқы қалыптастыру басталғаны туралы хабарлайды.

«Нұр Отан»  партиялық кадрлық резервін қалыптастырады | Strategy2050.kz

Азаматтар қолма-қол тәртіппен, почта арқылы немесе хабарландыруды көрсетілген электрондық почтаның мекен-жайына электрондық түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде жіберген түрдегі құжаттар қарауға қабылданады, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

Кадрлық резерв туралы ереженің талаптарына сәйкес келетін және тестілеуге жіберілген кандидаттардың тізімі партияның веб-сайтында жарияланатын болады және тестілеуді өткізу басталатын күнге дейінгі 1 (бір) жұмыс күннен кешіктірмей партияның веб-сайтында орналастырылатын тестілеу кестесінің негізінде партияның аймақтық филиалында 10 (он) жұмыс күні ішінде тестілеуді өтеді.

«Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны аймақтық филиалда партияның веб-сайтында әңгімелесу кестесі жарияланғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесуді өткізу кестесі әңгімелесуді өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей жарияланады», - делінген хабарламада.

Конкурстық іріктеуге  қатысқан тұлғалардың шығыстары (көліктік, тұру және т.б.) өтелмейді.



 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды