- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да жыл басынан бері тұрғын үйдi пайдалануға беру қарқыны 33,1%-ды құрады
СҚО-да жыл басынан бері тұрғын үйдi пайдалануға беру қарқыны 33,1%-ды құрады
«Ағымдағы жылдың сегiз айының қорытындысы бойынша Солтүстiк Қзақстан облысы ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң өсу қарқыны бойынша республиканың 16 өңiрi iшiнде 3-орында, тұтынушылар бағасының индексi мен инвестиция арқылы тұрғын үй тапсыру бойынша 4-орында, құрылыс саласында 5-орында тұр», — дедi Марал Нұржауыпова.
Жедел статистикалық ақпараттарға сүйенсек, 2016 жылдың қаңтар-тамыз айлары тұрғын үйдi пайдалануға беру қарқыны 33,1%-ды құрады. Ауыл шаруашылығы өнiмдерi 108 млрд.теңгеге өндiрiлген, физикалық индекс көлемi — 113,2%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыстары жөнiнде ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаров баяндады. Облыста жыл басынан берi 145 ауыл шаруашылығы кооперативтерi құрылған, олардың 129-ы мал шаруашылығы саласы бойынша болса, 12-i өсiмдiк және 4-уi ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу саласы бойынша жасақталған.
«Бүгiнгi таңда өңiрдiң сүт өңдеу кәсiпорындарының жұмыспен қамтылуы 83%-ды құрайды. Жаңа сүт қабылдау бекетiн құру сүт сатып алуды жылына 19 мың тоннаға дейiн арттыруға мүмкiндiк бередi, өңдеу кәсiпорындарының өнiмдiлiк қуатын 90%-ға дейiн жеткiзуге, сондай-ақ 60 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкiндiк бередi», — деп атап өттi Қайрат Омаров.
Бұдан бөлек, облыста 1271 мал жемдейтiн орын құру, олардың iшiнде 5 басқа арналған — 785 бiрлiк, 10 басқа — 289 бiрлiк, 15 басқа — 197 бiрлiк жасау жоспарланған.
Ауыр салмақты көлiк құралдарының жол жүру ережесiн сақтауын қадағалау жұмысы туралы көлiктiк бақылау инспекциясының басшысы Сұңғат Рахымжанов баяндады.
«Ағымдағы жылдың 8 айы бойынша көлiктiк заңнамаларды бұзуды бақылау дерегi жөнiнде инспекция қызметкерлерi кiнәлi тұлғаларға қарсы 453 әкiмшiлiк iс қозғаған», — деп атап өттi мекеме басшысы.
2016 жылдың өткен мерзiмiне сәйкес, инспекция iрi габариттiк және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүруiне 611 арнайы рұқсат қағазын берген.
«Жүк тиелген ауыр салмақты, iрi габариттiк көлiк құралдарымен және инерттi материалдар артылған жүкпен трассаға шығуға болмайды. Бұл бiздiң автокөлiк жолдарын бұзады», — деп атап өттi өңiр басшысы.
Аппараттық кеңес соңында өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов сәйкес мекеме басшыларына бiрқатар тапсырмалар бердi.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді