Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімінің ФКИ-і 114,5%-ды құрады

19 Қыркүйек, 2016 16:37
Ақмола облысы жалпы өнімнің ФМИ көрсеткіші бойынша республикада көш бастап келеді, осы жылы физикалық көлем индексі 114, 5% құрап отыр. Бұл жайлы экономикалық басқару және бюджеттік жоспарлау басшысы Б.Малғаждаров Ақмола облысы әкімінің басшылығымен өткен отырыста хабарлады.

«Қазіргі таңда Астана қаласының азық-түлік аймағын құру аясында 8,9 млрд теңгеге 10 инвестициялық жоба іске асырылуда, оның екеуі 1,8 млрд теңгеге енгізілді» - деп Б.Малғаждаров атап өтті.

Сондай-ақ, Астана қаласының Азық-түлік аймағы аясында елорда нарығына жеткізіліп отырған ауыл шаруашылығы өнімдері жыл сайын өсіп келе жатқанын ескеру  керек.

Бүгінде аймақ бойынша 2,2 млн га аумақта астық бастырылуда, бұл 65,6% құрайды. Жалпы егін 3,7 млн га құрады. Ақмола облысы бойынша астық өнімін түгелдей жинап алу қазан айының соңында аяқталады  деп  жоспарлануда.

Сонымен қатар, отырыста жеке шаруашылық негізінде өндіру кооперативтерін құру мәселесі де талқыланды. Бұл, өз алдына, агроөнеркәсіптік кешенінің шикізат базасын және Астана қаласы нарығына өнім жеткізілімін арттыруға мүмкіндік туғызады.

Барлық жаңалықтар