• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҰҰДБ: Қазақстанның сулы-батпақты алқабының бай биологиялық түрлілігі табиғи қалпына келтірілуде

БҰҰДБ: Қазақстанның сулы-батпақты алқабының бай биологиялық түрлілігі табиғи қалпына келтірілуде

19 Қыркүйек, 2016 17:16
1992 жылдан бастап БҰҰДБ ерекше қорғалатын табиғи аумаққа қолдау көрсетіп келеді, бүгінгі күні барлық 14 ЕҚТА Ғаламдық экологиялық қор үлесінің арқасында жұмыс істейді. БҰҰДБ осы бағыт бойынша жұмысын жалғастырады. Соңғы жылдары Қазақстанның ЕҚТА аумақтары 1 млн га жерге кеңейтілген. Бұл туралы Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлімдеді.

Қазақстанның сулы-батпақты алқабының аумағындағы маңызды экологиялық теңгерімсіздік нәтижесінде  елімізде БҰҰДБ/ҒЭҚ және Қазақстан Үкіметі бірлесіп сулы-батпақты алқапты сақтау бойынша бағдарлама жасады. Аталмыш аумақтағы жағдай экологиялық есеңгіреу нәтижесінде болып отыр.Көбінесе ол ауыл шаруашылық өндірісіне қатысты болды.

Аталмыш жоба үш ауданда тиімді және тұрақты басқару моделін қалыптастыруға бағытталған: шығыстағы Алакөл, орталық бөліктегі Теңіз-Қорғалжын және батыстағы Орал өзені.

Жобаның жұмысы экологиялық және экономикалық мәселелерді шешуде қол ұшын беруге бағытталған. Мысалы, браконьерлік, су ресурстарын басқару және туризммен қатысты істер.

«Бұл біз үшін маңызды жұмыс және оны соңғы 20 жылда іске асырып келеміз. 1992 жылдан бастап Қазақстанда БҰҰДБ ЕҚТА-ны қолдап келеді. ЕҚТА-ның әрбір тәжірибесі біздің жобалардың арқасында болып жатыр деп сеніммен айта аламын. Барлық 14 ЕҚТА ҒЭҚ жарнасының арқасында жұмыс жасауда . Сол себепті алдағы уақытта ЕҚТА-мен жұмысты жалғастырамыз және соңғы жылдары ғана ЕҚТА аумағы 1 млн га жерге ұлғайды»,-деді Мунхтуя Алтангерел.

Сарапшының айтуы бойынша, аталмыш жұмыс жалғасатын болады және жергілікті елді мекенді қолдау үшін барлық жұмыстар жасалатын болады.

«Біз оларды қайта оқытамыз. Оның барлығы жастарда жұмыстын болуы үшін жасалады»,-деді ол.

М. Алтангерелдің айтуы бойынша, БҰҰДБ еліміздің Су кодексіне өзгерістер енгізуге көмек көрсетті. Сонымен қатар, жаңа заңнамалық акті қабылданды.

«БҰҰДБ көптеген іс жасады: біріншіден, ең маңыздысы – қорықтарды кеңейтті. 2009 жылы екі есеге ұлғайдық. 2004 жылдан 2006 жылға дейін зерттеу жұмыстары жасалды»,-деп Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорының экологиялық оқыту бөлімінің бастығы Ольга Кошкина Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.

Айта кететін жайт, жалпы алғанда, ерекше қорғалған аудандағы биологиялық түрлілік 500-ден астам өсімдіктен және 1400-ден астам су және жер бетiндегi жануарлардан тұрады. Құстардың сулы-батпақты кешені Теңіз-Қорғалжын өзенінде 112 түрден тұрады.

«Қорғалжын қорығын дамытуға үлкен қаражат салдық. Нақты айтқанда 30 млн доллар. Қазіргі күні «Алтын Емел» қорғаныстағы аймақ бойынша жұмыс жасаудамыз және осы жұмыстарымыздың арқасында табиғаттың қандай да бір бөлігін сақтап қалғымыз келеді»,-деді Мунхтуя Алтангерел.

Бағдарламаның тағы бір нәтижесі, ол жұмыспен қамту мәселесін жақсарту болды. Шешім қабылдайтын жетекші сарапшылар мен лауазымды тұлғалар, сонымен қатар мемлекеттік орган қызметкерлері жер және мониторинг технологиясын қорғау жөніндегі кешендік оқытудан өтті.

Сонымен қатар, үш туристік орталық құрылды. Оған 2009 жылы Қорғалжын орталығы да кіреді. Бұл орталық қазіргі заманға лайықты технологиялармен жабдықталған және Орталық Азияда инновациялық орталық болып есептеледі. Жоба аясында қоршаған ортаны қорғау мен биологиялық түрлілік бойынша оқу курстары жасалған. Сонымен қатар, Қазақстандағы мектептер үшін мультимедиялық жәрдем жаслаған.

О.Кошкинаның айтуы бойынша, бұрындары Қорғалжын қорығының аумағында туризм дамымаған болды.

«Сулы-батпақты жерлерді сақтау бойынша  БҰҰДБ жобасы – қорықтарға көп жұмыс жасаған жоба, көбінесе эко-туризмді дамыту бойынша. Жоба 2004 жылдан бастап істеді және 2011 жылы жұмысын аяқтады – бұл табиғи-қорғау жобалары бойынша ең ірі жоба болды және ол 4 құрамдас бойынша жұмыс жасады. Тұжырымдама жобаның қаражаты мен жағдайы бойынша дайындалды және шамамен 18 млн теңгені құрады»,-деді О. Кошкина.

Сонымен қатар, жоба аясында техника, автокөлік және моторлық қайықтар берілген. Олар түристерге батпаққа дейін жетуге көмектесті және эко жүйеге өздерінің ешбір зияндарын келтірген жоқ. Жарты жыл ішінде 6000 – на астам турист Қорғалжын қорығында болып қайтты және ол 40 000 АҚШ долларын түсірді.

БҰҰДБ тұрақты даму бойынша жоба қоржынының басшысы Расул Рахимовтың айтуы бойынша, БҰҰДБ табыстың баламалы көздерін дамыту мен ауылдық аймақтарда кәсіпті дамыту бойынша қызметке бастама жасады. БҰҰДБ үш жобаға 1 млн АҚШ долларын бөлді. Оның нәтижесінде 34 жоба және 150 жаңа жұмыс орны пайда болды.

«500 ауылдық елді мекендердің тұрғындары коммерциялық кәсіпорындарын құрды. Олар, жылыжайлар жасау, кәдесыйлар мен киімдер жасау, қымыз дайындау. Сонымен қатар, эко туризм саласында бірқатар жобалар жасалды»,-деді ол.

Осылайша, аталмыш жоба бойынша жасалған серіктестік  болашақта да сулы-батпақты жерлер қорғалады деген сенімділік береді.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар