МСМ: Қазақстан мәдениеті инвестициялық тартымды сала ретінде дамиды

19 Қыркүйек, 2016 14:56
Ұлт көшбасшысының «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын ілгерілету мақсаты бойынша өзгерістер жаңа міндеттерді қамтиды, олар Ұлт жоспары- «100 нақты қадам» 86-шы қадамы аясында енгізілді.

«Біріншіден, мәдениет саласында алғашқы жаңару менеджментті жаңғырту болып есептеледі.  Мәдениет және  экономика саласының  бизнес-бастамалар үшін тартымдымдылығын арттыру   үшін  дамыту жұмысы белсенді бола түседі. Екіншіден,  музей мен театр саласын жетілдіру қажет. Бәсекелестікті арттыру  және инновациялық дамуды  арттыру мақсатында  ел музейлеріне  мультимедиялық шараларды енгізу қарастырылып отыр», - деді  ҚР МСМ мәдениет және өнер департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова.

Музейлерді  жастар мен жасөспірімдер арасында  мәдениеттің демалу саласы ретінде  насихаттау үшін жыл сайын «Музей түні» акциясын өткізу қажет», деді департамент директоры.

Оның айтуынша, әлемдік ғылыми қауымдастықты халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы үшін мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылды. Орталық қазақстандық мәдениет пен ұлттық құндылықтарды әлемге насихаттау үшін құрылады.

Сондай-ақ, Венециялық биенналеде қазақстандық ресми павильон ұйымдастырылады. Оның мақсаты қазақстандық  өнер интеграциясын әлемдік мәдени кеңістікте насихаттау болып табылады.

Аталмыш шара ҚР мәдени саясат тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

А.Райымқұлованың айтуынша, 2015-2020 жылдарға арналған  кино және тележобаларды  түсіру бойынша  «Мәңгілік ел» кешенді жоспары мақұлданды, оның аясында «Қазақфильм» АҚ жұмысын жаңғырту бойынша тұжырымдама әзірленді.  

Барлық жаңалықтар