- Басты
- Жаңалықтар
- «Бәйтерек» жобасы «Зенит» зымыран тасығышының базасында іске асырылады – М.Молдабеков
«Бәйтерек» жобасы «Зенит» зымыран тасығышының базасында іске асырылады – М.Молдабеков
«Біздің «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Зенит» космостық-ракеталық кешен бар. Ол – Кеңес үкімті шығарған ең соңғы кешен. Экологиялық таза ракета қазіргі заман талаптарына да жауап береді. Оның 1985 жылдан бері ұшырылып келе жатқаны белгілі. Қазғарыштың ұсынысымен екі ел басшылары келісімімен «Байқоңырда» іске асырмақ болып шешкен «Ангара» зымыран тасығышы базасындағы «Бәйтерек» жобасын «Зенит» зымыран тасығышына алмастыратын болдық», - деді М.Молдабеков.
«Зенит» зымыран тасығышы негізінде «Бәйтерек» жобасын іске асыруға Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттері 2012 жылдың желтоқсан айында келіскен болатын.
«Ангара» зымыран тасығышы әлі ұшырылмайды. Және де қай уақытта ұшырылатыны да белгісіз. Бұл біз үшін өте тиімді. «Ангар» базасында ғарыштық-ракеталық кешен нысандарын салуға өте мол қаржы керек болады. Ал қазіргі бастама бойынша бұл шығындарды айналып өтпекпіз, өйткені кешен қазірдің өзінде дайын», - деді төраға орынбасары.
Аударымның кезеңдік механизмі нормативті база құруға байланысты біріккен жұмыстарды жасауға негізделген. Сонымен қатар, қазақстандық мамандарды қайта даярлау жұмыстарына қажеттілік бар.
«Біздің қазіргі жоспарымыз бойынша, 2014 жылдың соңына дейін «Зенит» ғарыштық зымыран кешені нысандарын жалдан шығаруымыз керек. Сосын ресейлік әріптестердің қолдауымен аталмыш кешенді өзіміздің игілігімізге жарата бастауымыз керек. Ал 2018 жылдан бастап аталмыш зымыранның жүк көтеру шамасын арттыру бойынша жетілдіру жұмыстарын қолға аламыз», - деді Молдабеков.
Оның айтуынша, біріншіден, Қазақстан «Байқоңыр» ғарыш айлағын игерудегі барлық міндеттемелерді өз орнына қоймақ.
««Зенитті» жаңалай отырып, біз «Протонның» зиянын азайтып, экологиялық қауіптің алдын алатын боламыз», - деп түйіндеді М.Молдабеков.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда