Жекешелендіру нысандарының тізімі жаңартылады – ҚР ҰЭМ

19 Қыркүйек, 2016 12:36
Бәсекеге қабілетті ортаға тарату мақсатында министрліктер мен ведомстволық ұйымдарға қайта түгендеу жұмысын жүргізу керек, деді Мәжілістегі үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, жекешелендіру  үрдісін жақсарту үшін Үкіметпен 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешендік жоспары бекітілді. Оған 783 жекешелендіру нысандарының тізімі, сонымен қатар ТОП-65  ірі компаниялар кіреді. Бұлар мұнай-газ, темір жол, атом, энергетикалық және тағы да басқа ұйымдар»,-деді Қ.Бишімбаев.

Министрдің айтуы бойынша, бүгінгі күні тауар нарықтарының талдауы аясында квазимемлекеттік сектор компаниялары анықталуда және олар бәсекелестік ортада жұмыс істейді.

«Бәсекеге қабілетті ортаға тарату мақсатында министрліктер мен ведомстволардың ведомстволық бағынышты ұйымдарына қайта түгендеу  жұмыстарын жүргізу керек. Осылайша, жекешелендіру нысандарының тізімі толығып отырады. Оның басты мақсаты – экономикаға мемлекеттің қатысуын төмендету»,-деді министр.

Ведомство басшысының айтуы бойынша, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, жекешелендіру 30-40%-ға капитал мен инвестициялардың қайтару деңгейін арттырады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар