2016 жылы Солтүстік Қазақстанда инвестиция көлемі 3,2 %-ға ұлғайды

19 Қыркүйек, 2016 13:47
2016 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығының көлемі – 13,2%, құрылыс жұмыстарының көлемі – 5,9%, инвестициялар көлемі – 3,2% ұлғайды, деп хабарлады СҚО статистика департаменті.

2016 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 93 млрд теңгені құрады.

Шаруашылық жүргізетін субъектілердің меншікті қаражаты негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың басым көзі (63,6%) болып табылды, оның көлемі 59,2 млрд теңгені құрады.

«Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 38,6%, өнеркәсіп – 21,4%, көлік және қоймалау – 19,5%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 8,3% - негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеру бойынша басым салалар болып табылады.»2016 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 108 млрд теңгені құрады. Мал мен құстың барлық түрлері тірідей салмақта союға 54,4 мың тонна өткізілді, сиыр сүті 378,2 мың тонна сауылды, тауық жұмыртқасы 409,3 млн дана алынды», - делінген хабарламада.

2016 жылғы қаңтар-тамызда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындарды, қосалқы өндірістерді, үй шаруашылықтары секторын қоса) қолданыстағы бағада 112,9 млрд теңгенің өнімі өндірілді, немесе 2015 жылғы қаңтар-тамызға 100,1%-ды құрады.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында 70,6% алатын өңдеу өнеркәсібінде 79,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді.2016 жылғы қаңтар-тамызда ішімдіктер – 2,4 есе, ұн – 31,8%, кептірілген нан және печенье; ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер және пирожныйлар – 20,6% артық өндірілді.Фармацевтикалық өнімдерін өндіру – 2,4 есе, тоқыма бұйымдарын өндіру – 2 есе, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру – 22,4%-ға ұлғайды. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 11,7%-ға, сумен жабықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 5,3%-ға өсті.

Ерлерге арналған жұмыс киім - 46,2%, пластмассадан жасалған есік және терезе – 12,5% артық өндірілген.

Барлық меншік нысанындағы құрылыс-монтаж ұйымдарының өз күшімен 31,9 млрд теңгенің мердігерлік жұмыстары орындалды.

2016 жылғы қаңтар-тамызда 350 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінен 304 тұрғын және 46 тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар. Негізгі құрал-жабдық 73,1 млрд теңге сомасына іске қосылды, одан 47,7% - ауыл, орман және балық шаруашылығына, 22,5% - көлік және қоймалауға, 16% - өнеркәсіпке, 4,3% - жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға, 3,1% - көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуге.

 

 

 

Барлық жаңалықтар