• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бірінші жартыжылдықта шетелдік инвестицияның құйылуы 5 есеге көбейді – ҰЭМ

Бірінші жартыжылдықта шетелдік инвестицияның құйылуы 5 есеге көбейді – ҰЭМ

19 Қыркүйек, 2016 11:13
Бірінші жартыжылдықта шетелдік инвестицияның құйылуы 5 есеге көбейді,деді Мәжілістегі үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«Экономикалық өсімнің басты факторы  негізгі капиталға құйылған инвестицияның 4,8%-ға көбеюі болып саналады. Негізгі капиталға құйылған  инвестиция көлемі 4,3 трлн теңгені құрады,  оның 1,5 трлн теңгесі мемлекеттік инвестиция мен  Ұлттық холдингтерге тиесілі», - деді Қ.Бишімбаев.

Ведомство басшысының айтуынша, тікелей шетелдік инвестициялардың құйылуы жартыжылдықта 5,7 млрд долларға дейін көбейді.

«Елдің халықаралық қоры  жыл басынан бері 4,6 пайызға өсіп,  95,6 млрд доларды құрады.  Ұлттық  қордың активтері  64,9 млрд долларды құрады.Сондай-ақ,  мамыр айынан бастап  экономиканы ниселеу қайта қалыпына келітіріліп жатыр.  1 тамызда несие көлемі 0,5 пайызға, яғни 12,7 трлн теңгеге өсті.  2016 жылдың  жеті айында берілген несие   көлемі 5,4 трлн теңгеге жетті,  яғни 7,8 пайыздық өсімді көрсетті.  Сыртқы сауда айналымы қаңтар-шілде айларында  26,6 пайызға, 33,1 млрд долларға қысқарды.  Экспорт 20,0 млрд долларды құрады – 30,0 пайызға, импорт – 13,1 млрд доларды құрап, 28,8 пайызға төмендеді», - деді министр.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар