- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты қысқарту есебінде ЖІӨ-ні жылына 0,8%-ға ұлғайту қарастырылған
Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты қысқарту есебінде ЖІӨ-ні жылына 0,8%-ға ұлғайту қарастырылған
«Бұл мақсаттарға 2015-2016 жылдары 151,8 млрд. теңге бөлінді. 2016-2017 жылдары біз Жеке тұрғын үй құрылысына арналған 100,9 мың учаскені қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етеміз. Инфрақұрылым бүгінгі күні берілген 57,4 мың жер учаскесіне және жаңа 43,5 мың учаскеге жүргізілетін болады. 2017 жылы қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 84 млрд. теңге жұмсау жоспарлануда» деп мәлімдеді Бишімбаев.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған, Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың іске асырылуы туралы баяндама жасай отырып, министр әлеуметтік-экономикалық саясаттың басты міндеттерінің бірі халықты өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және өзін өзі жұмыспен қамту проблемасын шешу болып табылатынын атап көрсетті.
«Біздің міндетіміз – өзін өзі жұмыспен қамтығандарды өнімді жұмыспен қамтуға көптеп тарту және олардың табысын ұлғайту» - деді министр.
Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында инфляция деңгейін төмендету және баға тұрақтылығын одан әрі қамтамасыз ету болжанып отыр. Орта мерзімді перспективада Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты инфляцияны 3–4%-ға дейін төмендетуге бағытталады. Сондай-ақ мемлекеттік борыштың өсуіне жол бермеу шаралары да қабылданатын болады.
«2017–2019 жылдары мемлекеттік борышты қолайлы деңгейде ұстап тұру үшін республикалық бюджет тапшылығын 2019 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 1,0 %-ға дейін кейіннен төмендете отырып, 2017 жылы ЖІӨ-ге қатысты 1,2 %-ға азайту жоспарланып отыр» - деп атап айтты Бишімьаев.
Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында инфляция деңгейін төмендету және баға тұрақтылығын одан әрі қамтамасыз ету болжанып отыр. Орта мерзімді перспективада Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты инфляцияны 3–4%-ға дейін төмендетуге бағытталады. Сондай-ақ мемлекеттік борыштың өсуіне жол бермеу шаралары да қабылданатын болады.
«Ол «Нұрлы жол», Индустрияландыру бағдарламаларын, Агроөнеркәсіптік кешенді, жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Мемлекет басшысы атаған жаңа бағыттарды, банктік сектордың инвестициялық белсенділігін қалпына келтіруді, жеке инвестициялар тартуды, салық жүйесін реформалауды тиімді іске асыру жыл сайын орта мерзімді перспективада экономиканың 3,5-4% деңгейінде өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» – деп мәлімдеді.
Ботагөз Айтжанова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды