- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Румыния 2017-2018 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдады
Қазақстан мен Румыния 2017-2018 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдады
Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжаты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын талқылады, сондай-ақ саяси диалог және сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру ниеттерін білдіріп, мәдениет, білім беру және туризм саласындағы байланыстарды нығайтуына шақырды. Осы тұрғыда, ерекше назарға ілінген Қазақстан- румын үкіметаралық сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссиясының жұмысына ерекше көңіл бөлінді.
Румынияның Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу жөніндегі мәселелері жеке қаралды.Тараптар жан-жақты БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде келешек өзара әрекеттесуін және іс-қимылдарын үйлестіруін егжей-тегжейлі қарастырды. Халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімі елдердің арасындағы ұзақмерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуына жаңа келешегін ашатыны аталып өтілді.
«Алдағы кезеңдегі жан-жақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен қадамдары, келіссөздер нәтижесінде қол қойылған 2017-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының және Румынияның сыртқы істер министрліктері арасындағы іс-әрекеттер жоспарымен бекітілген болатын», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Бухарестте Р.Василенко Румынияның Сыртқы істер министрі Лазэр Комэнеску, Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы Петр Филип және Энергетика министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Аристотель Жудемен кездесулер өткізді, сондай ақ ядролық қаруға қарсы бастамалары туралы және Семей ядролық полигоны жабылуының 25-жылдығына арналған конференциясында сөз сөйледі. Аталған конференцияға Румыния Парламенті депутаттары, мемлекеттік органдары, ғылыми топтары, дипломатиялық корпус және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды