• Басты
  • Жаңалықтар
  • Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Президентін 60 жылдық мерейтойымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Президентін 60 жылдық мерейтойымен құттықтады

17 Қыркүйек, 2016 14:32
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз басшысы Алмазбек Атамбаевты 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Бүгін Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев өзінің туған күнін тойлап жатыр. 

«Құрметті Алмазбек Шаршенұлын 60 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, зор денсаулық және бауырлас қырғыз халқының игілігіне арнаған күрделі де маңызды қызметінде сәттілік тілеймін», - деп аяқтады Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысында сөйлеген сөзін.

Естеріңізге сала кетейік, «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында Алмазбек Атамбаевтың төрағалығымен ТМД елдері басшылары кеңесінің мерейтойлық  25-ші отырысы шағын құрамда өтті.

Барлық жаңалықтар